АХҚО Жасыл қаржы орталығы мен Jysan Invest ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

AIFC Green Finance Center (AIFC GFC) және Jysan Invest тұрақты және жасыл қаржыландыру саласында, атап айтқанда жасыл және әлеуметтік облигациялар шығару саласында ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, тараптар жасыл және әлеуметтік облигациялар нарығын ілгерілету және дамыту, атап айтқанда, АХҚО халықаралық биржасында (AIX) жасыл және әлеуметтік облигацияларды шығару, листингтеу және орналастыру процедураларын қолдау бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

Jysan Invest – бұл Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік және инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметпен айналысатын ірі инвестициялық компаниялардың бірі.

Jysan Invest Басқарма Төрағасы Нұрдәулет Айдосов мырза: «Бүгінгі таңда климаттың өзгеруі адамзат үшін күрделі мәселе болып табылады. Көптеген елдер қазірдің өзінде экономикалық дамудың жасыл жолына бет бұруда және осымен әлемдегі жасыл облигациялардың қарқынды өсу көлемін түсіндіруге болады. Біз Қазақстанда жасыл облигациялар шығаруды ынталандыру және әлеуетті эмитенттерімізге ең жақсы жағдайларды ұсыну мақсатында AIFC GFC-мен күш біріктіреміз».

AIFC GFC Қазақстанның жасыл қаржы жүйесін қалыптастыру үшін нормативтік-құқықтық базаны құру және заңнамалық стандарттарды енгізу, АХҚО биржасының платформасында жасыл облигациялардың эмитенттеріне консультативтік қолдау көрсету, жасыл қаржыландыру саласында зерттеулер жүргізу, тренингтер мен жаңа платформа – Жасыл өсу форумы (Green Growth Forum) арқылы қоғамның хабардар болуы және бизнес-қауымдастықтың әлеуетін арттыру арқылы Қазақстан мен аймақтағы жасыл қаржыландыру және жасыл облигациялар нарығын дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.

Әсел Нұрахметова, AIFC GFC бас директоры:

«Елдегі жетекші инвестициялық брокерлік компаниялардың бірі – Jysan Invest-пен күш біріктіре отырып, біз әлеуетті эмитенттерге – AIFC GFC серіктестеріне – жасыл және әлеуметтік облигациялардың листинг форматының ерекшеліктерін ескере отырып, листингілік процедуралар бойынша консультациялық қызметтерді ұсынудың ең жақсы шарттарын ұсына аламыз, осылайша Қазақстандағы және Орталық Азиядағы жасыл және әлеуметтік жобаларға инвестицияларды тартуға жаңа серпін береміз».

 


Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. «АХҚО туралы» конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық қызмет көрсету орталығын құру. АХҚО міндеті ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпал ету, қаржылық қызметтер саласына инвестиция тарту үшін тартымды жағдай жасау, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

AIFC GFC Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржы құралдарын енгізуге, Астана халықаралық қаржы орталығын жасыл қаржыландыру хабы ретінде жылжытуға және Қазақстанға жасыл инвестициялар тартуға жауапты Астана халықаралық қаржы орталығының ұйымы болып табылады. https://gfc.aifc.kz/

Jysan Invest – Қазақстандағы екінші деңгейдегі ең ірі заманауи банктердің бірі – «Jysan Bank» АҚ еншілес компаниясы. Jysan Invest туралы қосымша ақпарат алу үшін келесі сайтқа кіріңіз https://jysaninvest.kz/

 

AIFC AI assistant