АХҚО Жасыл қаржы орталығы және Қазан федералды университеті Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
АХҚО Жасыл қаржы орталығы (бұдан әрі – Орталық) және Қазан федералды университеті (бұдан әрі – ҚФУ) ҚФУ Прецизионалды және регенеративті медицина ғылыми-клиникалық орталығымен жұмыс бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
Келісімнің шарттары бірлескен іс-шараларды, сондай-ақ инновациялық, инвестициялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты көздейді. Бұл жобалар Қазақстанда аутизм мен бұлшықет атрофиясын ерте диагностикалау және емдеу орталығын құруды, сондай-ақ сирек кездесетін ауруларға арналған дәрі-дәрмектер өндірісі және жеке емдеу үшін қаражат пен инвесторларды бірлесіп іздеуді қамтиды. Сонымен қатар, Орталық ҚФУ-ге «жасыл» жобаларға, атап айтқанда, бір реттік маскалар мен резеңке қолғаптарды жою жобасын әзірлеуге жәрдемдесетін болады.
Келісімге қол қою Тараптарға Қазақстан мен өңірде жасыл және әлеуметтік жобаларды дамыту бойынша бірлескен жұмысты өткізуге мүмкіндік береді.
Анықтамалық ақпарат
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.
АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді. aifc.kz