АХҚО Жасыл қаржы орталығы мен Моңғолияның Тұрақты қаржыландыру қауымдастығы тұрақты қаржыландыру саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
АХҚО Жасыл қаржы орталығы (AIFC GFC) мен Моңғолияның Тұрақты қаржыландыру қауымдастығы (MSFA) тұрақты және жасыл қаржыландыру салаларында ынтымақтастық және білім алмасу туралы меморандумға қол қойды
Серіктестік Қазақстан мен Моңғолияда және бүкіл Азияда тұрақты қаржылық қызметке, атап айтқанда, облигациялардың жасыл нарығын дамытуға және АХҚО халықаралық биржасына (AIX) листинг жасауға демеу беруге бағытталған. Бұда басқа, MSFA және AIFC GFC бірлесе отырып, қоғамның тұрақты қаржыландыру саласында хабардар болуын арттыру, білімін қалыптастыру, ғылыми-зерттеу және ақпараттық-насихат жұмыстар өткізуге күш салады, сондай-ақ табысты дағдылар мен екі ел арасында тәжірибе алмасады.
MSFA банктік несие беру қызметіндегі экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару стандарттарын жылжыту бойынша нарықтық бастамасынан бастап, Монғолиядағы алғашқы ұлттық жасыл қаржы институттарын құруға және ұлттық тұрақты қаржыландыру мен жасыл таксономияның жол картасын жасай отырып, Моңғолияның қаржы секторында тұрақты қаржыландыруды жылжытуға белсенді түрде ат салысуда.
MSFA Бас директоры Номиндари Энхтур ханым: «Біз AIFC GFC серіктестік құруға қуаныштымыз. Біз COVID-19 тарауының қиын кезеңін бастан өткеріп жатқан кезде, біз үшін жаңа мүмкіндіктер бұл жағдайға қалай әрекет етуімізден, қалпына келтіру үшін шешімдер жоспарлауымыздан және неғұрлым тұрақты болашаққа дайындалуымыздан тұрады. Тұрақты қаржыландыру барлық осы салаларда шешуші рөл атқаруға тиіс және біз AIFC серіктестік тұрақтылыққа бағытталған шаралар мен саясат пен қаржы құралдарын жасауға көмектеседі деп санаймыз.» деді.
AIFC GFC нормативтік базаны құру және Қазақстанның жасыл қаржы жүйесін қалыптастырудың заңнамалық стандарттарын енгізу, АХҚО биржасының платформасында жасыл облигациялардың эмитенттеріне консультативтік қолдау көрсету, жасыл қаржыландыру саласында зерттеулер жүргізу, қоғамның хабардарлығын арттыру және тренингтер мен жаңа платформа – жыл сайынғы Жасыл өсу форумының көмегімен бизнес-қауымдастықтың әлеуетін арттыру арқылы Қазақстан мен аймақтағы жасыл қаржыландыру және жасыл облигациялар нарығын дамыту бойынша жұмыс істейді.
AIFC GFC Бас директоры Әсел Нұрахметова: «AIFC GFC аймақтағы жасыл қаржыландыруды дамытуда, әсіресе бүкіл әлем үшін қиын уақытта, MSFA-мен ынтымақтасуға қуанышты, өйткені біздің елдеріміздің география мен мәдениеттегі ұқсастығы екі ел үшін тұрақты саясат пен жасыл жобаларды жүзеге асыруда қолданылатын өзара білім мен озық тәжірибелермен тиімдірек және практикалық түрде алмасуға себеп болады деп сенеміз.» деді.
AIFC GFC Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржы құралдарын енгізуге, Астана халықаралық қаржы орталығын жасыл қаржыландыру хабы ретінде жылжытуға және Қазақстанға жасыл инвестициялар тартуға жауапты Астана халықаралық қаржы орталығының ұйымы болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз: https://gfc.aifc.kz/
MSFA – бұл банктер құрған үкіметтік емес ұйым, Моңғолияның тұрақты қаржыландыру саласындағы өңірлік білім орталығына айналуы үшін тұрақты және жасыл қаржыны дамытуға үлес қосатын Моңғолияның негізгі әрекет етуші тұлғасы болып табылады. MSFA туралы қосымша ақпарат алу үшін http://www.toc.mn сайтына кіріңіз.