АХҚО Жасыл қаржы орталығы және UNIBANK Баку қор биржасында дебюттік жасыл облигацияларды шығаруға жәрдемдесу туралы келісімге қол қойды

АХҚО Жасыл қаржы орталығы (ЖҚО) «UNIBANK коммерциялық банк» ААҚ-мен (Банк) Баку қор биржасында дебюттік жасыл облигацияларды шығаруға жәрдемдесу туралы келісімге қол қойды. Бұл келісімнің шеңберінде АХҚО Банкке верификатор ретінде қолдау көрсетпек. Құжатқа биылғы 1 мамырда Баку қаласында қол қойылды.

Банктің дебюттік жасыл облигацияларын жоспарланған шығарылымы Әзірбайжанның қаржылық инфрақұрылымын дамытудың негізгі кезеңі саналады, бұл ретте табиғатты қорғауға және экологиялық ортаны жақсартуға ықпал ететін жобаларды қаржыландыруға баса назар аударылып отыр.

Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығы белгілеген жасыл облигациялар қағидаттарына сәйкес тартылған қаражат орнықты экономиканы дамыту стратегиясына сай келетін экологиялық орнықты жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Биыл Баку қаласы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясын (COP29) қабылдайтынын ескере отырып, Банктің жасыл облигацияларының Баку қор биржасындағы жоспарланған шығарылымы өңірді ірі экологиялық жобаларды іске асыруға дайындаудағы маңызды қадам болмақ.

Бұған дейін, ЖҚО өкілдерінің 2023 жылғы 28 қарашада Әзербайжан Республикасына сапары барысында ЖҚО елдің жетекші брокерлік компанияларының бірі – «Unicapital инвестициялық компаниясы» ААҚ-мен меморандумға қол қойды.

Орнықты қаржы нарығын дамыту туралы меморандум ЖҚО пен Unicapital, сондай-ақ оның бас ұйымы – «UNIBANK коммерциялық банкі» ААҚ арасындағы әріптестікті нығайтты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы

АХҚО – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту арналған қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. aifc.zuweb.co