АХҚО Жасыл қаржы орталығы экологиялық және әлеуметтік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша өңірлермен ынтымақтастық жұмыстарын жалғастыруда

2021 жылғы 8 қазанда АХҚО Жасыл қаржы орталығы мен “Ақтөбе” ӘКК” АҚ заңды тұлға құрмай бірлескен қызмет (консорциум) туралы шартқа қол қойды.

{img}

2021 жылғы 11 қазан. АХҚО Жасыл қаржы орталығы мен “Аqjaiyq” ӘКК” АҚ заңды тұлға құрмай бірлескен қызмет (консорциум) туралы шартқа  қол қойды.

 {img}

Бұл қызметті іске асыру Ақтөбе және Орал қалаларында Жасыл қаржыландыру жобалық кеңсесі форматында жүзеге асырылатын болады.

Осы жобалық офистерді құрудың мақсаты АХҚО алаңында іске асырылатын жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты тұрақты дамудың қаржылық құралдарын енгізу арқылы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының экологиялық және әлеуметтік инвестициялық жобаларын іске асыру болып табылады.

Бұл шара AIX Биржасында тұрақты дамудың қаржы құралдары нарығын дамытуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірге қажетті инвестицияларды тартуға жәрдем көрсетеді.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

AIFC AI assistant