АХҚО Жасыл қаржы орталығы және «PricewaterhouseCoopers Tax & Advisory» өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

Экологиялық құқық саласындағы әлемге танымал әріптестермен және ең үздік заң сарапшыларымен ынтымақтастықты нығайту жоспарларының жалғасы ретінде, 2021 жылдың 26 тамызында АХҚО Жасыл қаржы орталығы (бұдан әрі – Орталық) және “PricewaterhouseCoopers Tax & Advisory” компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар Орталықтың экологиялық құқық бойынша консалтинг қызметін керек ететін клиенттер үшін арнайы заң хаб ретінде жұмыс істейтіндігін және екі компания әр брендті өңірлік және халықаралық деңгейде ілгерілету үшін бірігіп жұмыс жасайтындығын белгіледі.

Сонымен қатар, қол қойылған Меморандум Тараптарға бірлесіп жасыл қаржы, әлеуметтік қаржы, тұрақты даму мен басқа да салаларды реттеу бойынша академиялық, білім беру және жарнамалық іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚОның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтидыwww.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

AIFC AI assistant