АХҚО Жасыл қаржы орталығы «Тұрақты даму және кешенді есеп берудегі соңғы өзгерістер» тақырыбында вебинар өткізді
2021 жылдың 18 қарашасында АХҚО Жасыл қаржы орталығы PwC Қазақстан компаниясымен және Energy Analytics телеграм каналының авторы, Абзал Нарымбетовпен, бірлесе отырып «Тұрақты даму және кешенді есеп берудегі соңғы өзгерістер» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинарда спикерлер тұрақты инвестициялар, ESG есеп берудің халықаралық стандарттары және олардың болашағы, Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексі бойынша есеп беру талаптары, сондай-ақ ESG есеп берудің практикалық аспектілері туралы баяндамалар жасады.
Василий Калабин, PwC Advisory компаниясының Менеджері, ESG-эксперт, және Жазира Жанадилова, PwC Advisory компаниясының Менеджері, инвестициялық шешімдер қабылдауда ESG интеграциясының маңыздылығы, жауапты инвестиция түрлері мен стратегиялар, ESG шешім қабылдау процесіне қалай интеграцияланатыны және тұрақты инвестициялық бастамалар мысалдары туралы айтып берді.
Акбота Асканбай, PwC Қазақстан компаниясының Корпоративтік басқару және ESG практикасының Директоры, және Сабыржан Елтузеров, PwC Қазақстан компаниясының Менеджері, ESG есеп берудің халықаралық стандарттары және олардың болашағы, ESG есеп берудің маңыздылығының себептері, жаһандық және аймақтық реттеуі, қазіргі және дамып келе жатқан климатқа байланысты стандарттар туралы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Жанар Аликулова, PwC Қазақстан компаниясының Заң қызметтері департаментінің менеджері, және Асель Искакова, PwC Қазақстан компаниясының Заң қызметтері департаментінің аға консультанты, Қазақстан Республикасының тұрақты даму саласындағы халықаралық міндеттемелері және оларды ұлттық заңнамаға имплементацияландыру, сондай-ақ жаңа Экологиялық кодекске сәйкес парниктік газ шығарындылары туралы есеп беру міндеттемесі туралы айтып берді.
Абзал Нарымбетов, Energy Analytics телеграм каналының авторы, ESG есеп берудің практикалық аспектілері туралы презентация жасады. Атап айтқанда, Абзал ірі халықаралық компаниялардың ESG есептерінен мысалдар келтірді, сонымен қатар ENI, TotalEnergies, Chevron есептерінің мысалдарына толығырақ тоқталды, сондай-ақ ESG рейтинг индекстері мен ESG-ден күтілетін үміттер туралы айтып берді.
Вебинардың жазбасын мұнда қарауға болады. (Кіру коды: 3HGP&$50)
Қазіргі уақытта АХҚО Жасыл қаржы орталығы 2022 жылдан бастап мекемелер үшін ESG есеп беру қызметтерін ұсыну мақсатында құзыреттерін дамытуда.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам” Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде ХҚК басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды.
Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.
АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады” .www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz