АХҚО Жасыл қаржы орталығы «2022 жылғы ESG тәртібіндегі өзекті мәселелер» атты вебинарлар сериясын өткізді

АХҚО Жасыл қаржы орталығы (бұдан әрі — ЖҚО) «2022 жылғы ESG тәртібіндегі өзекті мәселелер» атты практикалық вебинарлар сериясын ұйымдастырды. Оның аясында «Тұрақты қаржыландыру негіздері, ESG контекстіндегі инвестициялар» және «Бизнестің көміртегі ізі: СВАМ-ның қазақстандық экспортқа әсері» тақырыптарындағы сессиялары өтті. Іс-шаралардың спикерлері ESG және көміртекті реттеу саласындағы сарапшылар, сондай-ақ тұрақты қаржыландыру құралдарын қолдануда және Қазақстандағы экологиялық және әлеуметтік жобаларды стандарттау саласында нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуде практикалық тәжірибесі бар ЖҚО қызметкерлері болды.

Бірінші вебинар барысында сөз сөйлеушілер тұрақты капитал нарығындағы ағымдағы ахуалдарға және Қазақстандағы жасыл қаржыландыру мәселелерін реттеуге талдау жасады. Атап айтқанда, спикерлер жасыл және әлеуметтік жобаларға инвестициялар тартудың механизмдері мен құралдары туралы, сондай-ақ ЕО және Қытай таксономияларымен салыстырғанда Қазақстанның Жасыл жобалары таксономиясының ерекшеліктері туралы айтты. Сонымен қатар, вебинар спикері – ЖҚО Бас экономисті Милана Таханова «Жасыл қаржыны заңнамалық үйлестіру Қазақстандағы жауапты инвестицияларды реттеудің негізін қамтамасыз ете алады» деп атап өтті.

Келесі іс-шара барысында спикерлер Қазақстаннан ЕО-ға экспортқа кедендік көміртекті түзету (CBAM) механизмінің әсерін талқылады және 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму тұжырымдамасы мен «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы елдегі CO2 шығарындыларын азайтуға қалай ықпал ететіні туралы әңгімеледі..

Іс-шараларға барлығы 200-ден астам тыңдаушылар қатысты. Аудиторияның қызығушылығын және тұрақты қаржыландыру мен ESG тақырыптарының өзектілігін ескере отырып, ЖҚО осы тақырыптар бойынша түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту.

Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant