АХҚО Жасыл қаржы орталығы мен BCC Invest ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

AIFC Green Finance Center (AIFC GFC) және BCC Invest тұрақты және жасыл қаржыландыру саласында, атап айтқанда жасыл және әлеуметтік облигациялар шығару саласында ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, тараптар жасыл және әлеуметтік облигациялар нарығын ілгерілету және дамыту, атап айтқанда, АХҚО халықаралық биржасында (AIX) жасыл және әлеуметтік облигацияларды шығару, листингтеу және орналастыру процедураларын қолдау бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

BCC Invest – бағалы қағаздарды шығару және орналастыру бойынша операцияларды сәтті жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибесі бар, Қазақстанның ірі инвестициялық банктерінің бірі.

Меморандумға қол қоюға байланысты BCC Invest Басқарма Төрағасының орынбасары Әлібек Уразақов мырза: «Біз үлкен әлеуеті мен болашағы бар Қазақстанда жасыл қаржыландырудың алдыңғы қатарында болғанымызға қуаныштымыз. AIX-те «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры »АҚ дебютті жасыл облигацияларын сәтті орналастыру елдегі жасыл қаржыландыруды одан әрі табысты дамытудың негізі болуы керек. Біз AIFC GFC-мен ынтымақтастықты өте жоғары бағалаймыз және біздің ұйымдарымыз арасындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз».

AIFC GFC Қазақстанның жасыл қаржы жүйесін қалыптастыру үшін нормативтік-құқықтық базаны құру және заңнамалық стандарттарды енгізу, АХҚО биржасының платформасында жасыл облигациялардың эмитенттеріне консультативтік қолдау көрсету, жасыл қаржыландыру саласында зерттеулер жүргізу, тренингтер мен жаңа платформа – Жасыл өсу форумы (Green Growth Forum) арқылы қоғамның хабардар болуы және бизнес-қауымдастықтың әлеуетін арттыру арқылы Қазақстан мен аймақтағы жасыл қаржыландыру және жасыл облигациялар нарығын дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.

Әсел Нұрахметова, AIFC GFC бас директоры:

«Біз «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның жасыл облигацияларын AIX сауда жүйесінде табысты дебюттік орналастыру процесінде жетекші менеджер ретінде қызмет еткен BCC Invest-пен өзара түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. AIFC GFC BCC Invest-пен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті және осы меморандумның арқасында жасыл және әлеуметтік облигациялар нарығын дамытуға қосымша үлес қосу мүмкіндігіне ие болғанына қуанышты.».

 


Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. «АХҚО туралы» конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық қызмет көрсету орталығын құру. АХҚО міндеті ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпал ету, қаржылық қызметтер саласына инвестиция тарту үшін тартымды жағдай жасау, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

AIFC GFC Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржы құралдарын енгізуге, Астана халықаралық қаржы орталығын жасыл қаржыландыру хабы ретінде жылжытуға және Қазақстанға жасыл инвестициялар тартуға жауапты Астана халықаралық қаржы орталығының ұйымы болып табылады. https://gfc.aifc.kz/

BCC Invest – Қазақстандағы ірі инвестициялық банктердің бірі. Компанияның бағалы қағаздарды шығару және орналастыру операцияларын сәтті жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибесі бар. Осы жылы компания International Business Magazine халықаралық іскерлік басылымының нұсқасы бойынша «Үздік қаржылық кеңесші», «Үздік брокер», «Активтердің үздік менеджері» марапаттарын алды. BCC Invest туралы қосымша ақпарат алу үшін келесі сайтқа кіріңіз https://www.bcc-invest.kz/

AIFC AI assistant