АХҚО Жасыл қаржы орталығы спортқа инвестиция салудың жаңа тәсілдерін ұсынады
АХҚО Жасыл қаржы орталығы (бұдан әрі – ЖҚО) Astana Finance Days конференциясы аясында «Жаңа экономикаға инвестиция: спорт. Инвестициялаудың жаңа тәсілі». Сессия түрлі спорт түрлерінің қаржылық құрылымын, қаржыландыру көздері мен пайданы инвестициялау жолдарын талқылау алаңына айналды. Спорт мамандары, менеджерлер мен қаржы сарапшылары әлемдік және қазақстандық спорттың қазіргі қаржылық құрылымы туралы өз пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.
«Бүгінде клубтар мемлекеттік қаржыландырудан бас тартып, жаңа құралдар мен қаржыландыру көздерін табуы керек», — дейді футболдан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Давид Лория.
Сарапшылар краудфандинг, NFT технологияларын пайдалану және коммерциялық негізде спорттық матчтардың трансляциясын кеңейту сияқты спорттың инвестициялық тартымдылығын арттырудың түрлі жолдарын айтты.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы елордадағы «Жеңіс» футбол клубының мысалында спорттық қызметті түрлендірудің ESG мүмкіндіктерін ұсынды. ESG принциптерін енгізу тұрақты құндылықтарды дамытуға және осылайша клубтың инвестициялық тартымдылығына оң әсер ететін қосымша құнды жасауға мүмкіндік береді.
«АХҚО Жасыл қаржы орталығы «Жеңіс» ФК-ның негізгі серіктесіне айналды және біздің ортақ міндетіміз — жас, талантты, жергілікті футболшыларды тәрбиелеу. Біздің көзқарасымыз – экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік міндеттемелерді мойнына алған «Жеңіс» ФК негізінде бірінші ESG клубын құру», — АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев атап өтті.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.
www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.
www.gfc.aifc.kz