АХҚО-да отбасылық кеңселерге арналған ережелер күшіне енді

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) 2024 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген отбасылық кеңселер (ОК) қызметінің ережелерін қабылдады.

Ережелер отбасылық қор құра алатын АХҚО-дағы ОК қызметі үшін әзірленген арнайы режимді белгілейді. Мұндай құралдар отбасылық әл-ауқатты халықаралық стандарттарға сәйкес басқаруға мүмкіндік береді. ОКның бірегей сипатын және олардың шектеулі инвесторлар базасын мойындай отырып, ережелер отбасылық қор менеджерлері үшін оңтайландырылған реттеуші ережелерді қамтиды.

АХҚО-дағы отбасылық кеңселер үшін нормативтікқұқықтық база АХҚО-ның жетекші халықаралық қаржы орталығы ретіндегі ұстанымын нығайту жолындағы маңызды қадамҚабылданған ережелер АХҚО-ны отбасылық капиталды құру және басқару үшін тартымды юрисдикцияға айналдыра отырып, ОК қажеттіліктерін ескеретін реттеуші және салықтық ортаны пайдалануға мүмкіндік береді.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 78 елден 2800-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45  [email protected]