АХҚО AIX биржасының қызметі негізінде капитал нарығы туралы талдамалық есепті таныстырды

Талдамалық есеп 2023 жылғы Astana International Exchange (AIX) биржасының қызметіне шолу жасай отырып талдау және жеке секторлар мен мемлекеттік органдарды әрі жалпы жұртшылықты капитал нарығының жай-күйі, трендтері мен құрылымы туралы хабардар ету мақсатында әзірленді. Аталған есеп алдағы Air Astana IPO-сы қарсаңында және жұртшылық тарапынан қор нарығына деген қызығушылықтың артуы аясында ерекше өзектілікке ие болып отыр.

2023 жылы AIX жеке инвесторлар санының өсуін (+1,05 миллион жаңа шот), AIX QAZAQ Index индексінің мәнін (1 217 пункт), сауда-саттық көлемін (582 млн доллар), сондай-ақ тартылған қарыз капиталының көлемін (+2 млрд доллар) қоса алғанда, бірқатар негізгі көрсеткіштер мен жетістіктер бойынша тарихи ең жоғары деңгейге жетті.

Нарықтық капиталдандыру 2023 жылы тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, 62,6 миллиард АҚШ долларын құрады (сонда 2023 жылғы өсу +63%).

2023 жылы құнының ең жоғары өсімі бар акцияларға «БанкЦентрКредит» (+56%), «Қазатомөнеркәсіп» (+46%), Polymetal (+38%), Kaspi.kz (+37%) және Halyk Bank (+33%) кірді.

Tabys сауда платформасындағы инвесторлар саны 45 мыңнан асты, оның 32,6% -ы белсенді салымшылар. Tabys қосымшасы қаржылық өнімдердің кең спектрін ұсынады, оның ішінде бастапқы инвестициялық шегі бар-жоғы 6 долларды құрайтын 16 биржалық сауда ноталары (ETN) бар. Tabys 16 жастан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары үшін де, резидент болып табылмайтын тұлғалар үшін де қолжетімді.

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту шеңберінде құрылды. Оның акционерлері АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы болып табылады. AIX миссиясына бизнес пен инвесторларға инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсыну арқылы Орталық Азияда әрі одан тыс жерлерде сенімді және өтімді капитал нарықтарын дамыту кіреді.

Есеп жөнінде толығырақ осы сілтеме арқылы https://aifc.kz/kz/aifc-analytics көре аласыз.

*АХҚО-ның басқа аналитикалық есептері әрі жазбаларымен танысу үшін осы сілтемеге өтіңіз: https://analytics.aifc.kz/

AIFC AI assistant