AIX Өңірлік акциялар нарығының сегментін құруда

Astana International Exchange (AIX, Биржа) Қазақстан мен Орта Азияның орта бизнес кәсіпорындарына акционерлік қаржыландыруға жақсырақ қолжетімділік ұсынуға бағытталған Өңірлік акциялар нарығының сегментін (REMS) іске қосты.

AIX пен AFSA еркін айналыстағы акцияларының нарықтық капиталдандырылуы 200 миллион АҚШ долларынан аспайтын REMS сегментінің компаниялары үшін реттеуді жеңілдетті. Қабылданған өзгерістер REMS эмитенттеріне тарихи таза пайданы көрсету қажеттілігісіз бір жылдың қаржылық есептілігіне негізделген жеңілдетілген проспект дайындауға мүмкіндік береді. Жаңа Сегменттің эмитенттері үшін бірінші жылдық есепті жариялау қосымша екі айға ұзартылды. REMS компаниялары үшін еркін айналыстағы акциялардың барынша аз үлесі 15%-ға дейін төмендетілді. REMS-ке қатысты шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпарат мына жерде қолжетімді [https://www.aix.kz/rules-regulations-2/rules-regulations/].

AIX басқармасының төрағасы Тим Беннетт былай деп атап өтті:

«AIX Қазақстан мен Орта Азияда капитал нарығын ынталандыру үшін шағын және орта бизнестің маңыздылығын баяғыдан мойындаған. Қазақстандық және өңірлік кәсіпорындардың капитал тартуы үшін экожүйені қолдауға AIX осы компаниялар мен олардың инвесторларының ерекшелігін  жақсырақ ескеретін Өңірлік акциялар нарығының арнайы сегментін құрды. Әлеуетті эмитенттер үшін әкімшілік ауыртпалықты төмендетуден басқа, қарқынды және анағұрлым өтімді нарықты қамтамасыз ету үшін  REMS-тің шетелдік және өңірлік инвесторлар тарапынан қызығушылықтың артуына ықпал ететіндігіне біз сенімдіміз».

Жоғарыда баяндалғанға қосымша, АІХ Қағидаларына (AIX Business Rules) жалпы сипаттағы бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, өзгерістер бағалы қағаздары баламалы реттелетін биржада саудаланатын эмитенттер үшін реттеуді жеңілдетеді, сонымен қатар нарықтың барлық эмитенттері мен қатысушылары үшін екіұшты түсінуді болдырмайды және реттеудің анағұрлым нақтырақ және практикалық тәсілдемесін  қамтамасыз етеді.


 

Анықтамлық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын осылайша қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайлар ұсыну есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

AIFC AI assistant