AIX AWS бұлтты сервисінде өз сауда алаңын іске қосты
Nasdaq сауда жүйесін AWS-те орналастыру биржа мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді
Astana International Exchange (“AIX”, “Қор биржасы”) Amazon Web Services (AWS) веб-сервисінің бұлтында орналастырылған Nasdaq (Nasdaq Matching Engine) сауда жүйесінің сәтті іске қосылғанын қуана хабарлайды. Инфрақұрылымды бұлтқа ауыстыру AIX-ке сауда қызметтерінің сапасын жақсартуға, сондай-ақ инвестициялық қоғамдастық үшін жобалардың қарқындылығы мен ауқымын өзгертуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Технологиялық жаңарту AIX-ті операциялар жасау, хабарламалар мен деректер алмасу үшін стандартталған және кешенді инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді, бұл бағалы қағаздар нарығында жаңа өнімдер мен қызметтерді анағұрлым жедел және үнемдірек шығаруға икемділік береді.
AIX Басқарма Төрағасы Тим Беннетт былай деп мәлімдеді:
«AIX тұтынушыларға анағұрлым сапалы қызмет көрсету және өңірдің капитал нарығындағы инфрақұрылымды нығайту үшін заманауи инновациялар мен технологияларды ендіруде бұрынғыдай алдыңғы қатарда келеді. Nasdaq сауда жүйесін AWS бұлтына көшіру арқылы АІХ сауда алаңын халықаралық стандарттарға сәйкес жаңғыртуды жалғастыруда. АІХ-тің барлық сауда-саттық, бақылау, нарықтық деректер мен пост-трейдинг қызметтерінің компоненттері осы сәтте AWS бұлтында жұмыс істеп жатыр, осы арқылы жаңа салалық стандарт орнатылды.»
Nasdaq Market Technology аға вице-президенті және сауда алаңдары мен жаңа нарықтар операторлары бөлімінің басшысы Пол Маккеун былай деді:
«Біз АІХ-ті сәтті іске қосылуымен және қор биржасының бұлтқа көшуімен құттықтаймыз. Nasdaq-тің сенімді және қарқынды технологиясын қарқынды пайдалана отырып, АІХ өсуін одан әрі қарай жаластыра алады және өз платформасын кеңейте алады. Біз АІХ-ке өз сауда алаңын ілгерілетуде қуана қолдау көрсетеміз.»
{img}
Nasdaq нарықтық технологиясы әлемнің 50-ен аса еліндегі диллер-брокерлерді, қор биржаларын, клиринг орталықтарын, бағалы қағаздардың орталық депозитарийлері мен реттеушілерді қоса алғанда, нарықтық инфрақұрылымның 250-ден аса ұйымы мен әлемдік нарық қатысушыларын кешенді және аса маңызды технологиялық шешімдермен қамтамасыз етеді.
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істей отырып, осы арқылы инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнестің қаржыландыруды тартуы үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX “Белдеу және жол” бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО.
“Астана” халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды. 2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген. АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz