AIX үздік брокерлерді марапаттады
Astana International Exchange (“AIX”, “Биржа”) 2023 жылдың нәтижелерін қорытындылап, 9 номинация бойынша Биржаның белсенді брокерлері мен сауда мүшелерін жариялады.
- Үлестік құралдар бойынша үздік брокер – Freedom Finance АҚ, Freedom Finance Global PLC, Halyk Finance АҚ
- Қарыздық құралдар бойынша үздік брокер – Freedom Finance Global PLC, Teniz Capital Investment Banking АҚ, Freedom Finance АҚ
- Бөлшектік сегментті дамытқаны үшін – Halyk Bank
- Үздік Lead Manager – SkyBridge Invest АҚ, Jusan Invest АҚ
- Корпоративтік клиенттермен үздік жұмыс істегені үшін – BCC Invest АҚ
- Жыл серпілісі – Teniz Capital Investment Banking АҚ
- Үздік банк—кастодиан – Citibank Kazakhstan
- Үздік жасыл облигациялар – Jusan Invest АҚ
- Үздік шетелдік брокер — Wood & Company
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz