АХҚО алаңында Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығының ашылуы өтті

Al-Farabi Knowledge Centre білім орталығының салтанатты ашылуы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында өтті. Al-Farabi Knowledge Centre — бұл ғылымды қажетсінетін жобаларды тарту орталығы және АХҚО қызметінің негізгі бағыттары бойынша қолданбалы зерттеулерге арналған алаң. Орталықтың басты міндеті — Қазақстанның және жалпы өңірдің тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу үшін жергілікті және халықаралық мүдделі зерттеуші ғалымдар әзірлеген қолданбалы зерттеулерді таратуға қолдау көрсету және көмек көрсету.

Бреттон-Вудс комитетінің негізін қалаушы және атқарушы директоры Марк Узанның жеке кітапханасынан үш мыңнан астам құнды және сирек кездесетін басылымдар мен ғылыми еңбектерді Al-Farabi Knowledge Centre білім орталығының кітапхана қорына сыйға беру – іс-шараның маңызды оқиғасы болды. Бұл экономика, салыстырмалы саясат, халықаралық қатынастар, білім, лингвистика, философия, мәдениет, өнер, бизнес, сондай-ақ жеке даму әдебиеті сияқты салалардағы кітаптар мен жұмыстар.

Сондай-ақ, білім орталығы кітапханасының кітап қоры Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кітапханасының қазақ халқының тарихы мен мәдениеті тақырыбындағы кітаптарының жомарт топтамасымен толықтырылды. Орталықта қазақтың мыңдаған дәстүрлі күйлері бар «Батырлар жыры» жинағы ұсынылған. Сонымен қатар, білім орталығының кітапхана қорында өңірлердің тұрақты дамуы мен елдердің экономикасына арналған конференция материалдары бар.

Білім орталығының жетекшісі Ақбөпе Сикинбаева хабарлағандай, білім орталығында ашық іс-шаралар өтеді: «Al-Farabi Knowledge Centre білім орталығында біз тұрақты негізде түрлі семинарлар мен зерттеу мастер-кластарын, сондай-ақ кітап авторларының тұсаукесерлерін ұйымдастыратын боламыз. Мұндай іс — шаралардың басты идеясы – пайдаланушыларды расталған ақпарттарды іздеп, олармен дұрыс жұмыс істеуді үйрету, көрермен қауым арасында академиялық зерттеу қабілеттерін дамыту және ақпараттық сауаттылықтың соңғы трендтерімен таныстыру».

 

AIFC AI assistant