Асқар Мамин мен Еуразиялық даму банкі өкілдерінің АХҚО-дағы кездесуі қалай өтті?

18 желтоқсан күні Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) басқарма төрағасы Андрей Бельянинов «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жұмысымен танысып қайтты. Кездесу барысында премьер-министр АХҚО қатысушыларымен жүздесіп, Еуразиялық даму банкі Кеңесі отырысына қатысты.

Үкімет басшысы ең алдымен АХҚО Fintech HUB жұмысымен танысып, өңірлік қаржылық хаб қатысушылары өкілдерімен кездесу өткізді.
Кейін премьер-министр Асқар Мамин АХҚО аумағында орналасқан, алғашқы даму банкі – ЕДБ-ның өкілдігінің ашылу рәсіміне қатысты.

«ЕДБ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын дамытуға және бірлескен жобаларды қаржыландыруға қомақты үлес қосуда», – деді премьер-министр.

Сондай-ақ үкімет басшысы АХҚО-ға жұмыс сапары барысында ЕДБ Кеңес мүшелерімен кездесіп, Кеңес отырысына қатысты.

Айта кетерлігі, ЕДБ Кеңесі мүшелері қатарына Армения вице-премьері М.Григорян, Белоруссия қаржы министрі М.Ермолович, Қырғызстанның қаржы министрі Б.Жеенбаева, Ресей Федерациясы үкімет төрағасының бірінші орынбасары, қаржы министрі А. Силуанов, Тәжікстан қаржы министрі Ф. Каххорзода, Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов кіреді.

Кеңес отырысында Еуразиялық даму банкінің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы жасалып, 2020 жылға арналған міндеттер айқындалды. Кеңес ірі инвестициялық жобаларды бекіту, цифрлық бастамаларды іске асыру және Банк қатысушыларының құрамын кеңейту мәселелерін қарастырды.

Кездесу соңында EДБ Кеңесі мүшелеріне АХҚО-да арнайы экскурсия ұйымдастырылып, оларға АХҚО органдарының жұмысы таныстырылды.
Сондай-ақ, басқасу барысында Еуразия даму банкі, «Пангео Капитал» ЖШС мен «Транстелеком» АҚ арасында цифрлық технологияларды енгізу бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды.

Фото: primeminister.kz

AIFC AI assistant