«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойды

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ) және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі (ҚР ҚНРДА) ақпарат, оның ішінде конфиденциалды ақпарат алмасу туралы үш жақты келісімге қол қойды.

Үш бақылаушы орган қаржы нарықтарын қадағалау, қаржылық тұрақтылықты қолдау, қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау бойынша ынтымақтастықты күшейтуге келісті. Келісім рұқсат беру, тұрақты қадағалау, дәрменсіздік рәсімдері, қаржылық сауықтыру, ақшаны жылыстатумен күрес, қаржы нарығындағы жосықсыз тәжірибе және заңнаманы бұзу сияқты салалардағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу үшін жан-жақты негізді қамтамасыз етеді.

Осы келісімге қол қою үш реттеуші орган арасындағы ынтымақтастық және ақпарат алмасу тетіктерін, олардың тиісті қадағалау міндеттерін орындауын жеңілдетеді. Онда қадағалаудың ең жоғары стандарттарын қолдауға және елде қаржылық қызметтердің тұрақты секторын құруға бірлесіп жәрдемдесуге жалпы бейілділік атап өтіледі. Бұл құжат қаржылық қылмыстарға қарсы күресті, шоғырландырылған қадағалау жүргізуді және қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғауды қоса алғанда, олардың тиісті юрисдикцияларындағы мекемелердің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттырады.

Мұхтар Бөбеев (AFSA) былай деп мәлімдеді: «Қол қойылған келісім барлық реттеуші органдарға барынша қаржылық тұрақтылықты, нарықтың тұтастығын және реттеу саласындағы неғұрлым тиімді ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосу үшін күш-жігерді түпкілікті мақсатпен біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл ынтымақтастық ақпарат алмасуға, тұрақты кездесулерге және қадағалау өзара іс-қимылына ықпал ететін болады».

AIFC AI assistant