“Астана” Халықаралық Қаржы Орталығы Қазақстанда өткен бірінші Blockchain Central конференциясында Global Blockchain Business Council patron-қатысушысы болып атанды

27-28 маусым аралығында “Астана” Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) Global Blockchain Business Council (GBBC)-мен әріптестікте Қазақстандағы Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы Blockchain Central Конференциясын (Конференция) ұйымдастырды. АХҚО конференциясы кезінде ресми түрде GBBC patron-қатысушысы атанды.
GBBC жаһандық реттеушілер мен бизнес көшбасшыларының арасында блокчейн технологиясын түсінуді тереңдету үшін әлемнің 50-ден астам елінен инновациялық ұйымдар мен негізін қалаушыларды біріктіретін блок-технологиялар экожүйесінің жетекші салалық қауымдастығы болып табылады.
“Блокчейн қаржы секторындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты арттыру үшін бірқатар шешімдер ұсынады. Blockchain Central конференциясын Қазақстанда алғаш рет Global Blockchain Business Council-мен әріптестікте өткізу “Астана” Халықаралық Қаржы Орталығының аталған технологияны бастамасын дамыту үшін қолдаудағы қадамдарының бірі болып табылады”, – деп атап өтті АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.
“Блокчейн бизнес пен технологиялар туралы пікірталастардың басты тақырыбы болып қала беретіндіктен, Үкімет, бизнест және қоғамдағы көшбасшылар арасында жоғары деңгейде терең әңгімелесулер жүргізілуі өте маңызды. Біз осындай талқылауларды өткізу үшін Blockchain Central әзірледік және АХҚО – мен оның  ЕЭО аймағындағы дамуының келесі кезеңінде ынтымақтастыққа қуаныштымыз”, – дейді GBBC Басқарма Төрайымы Сандра Ро.
Конференция қаржы қызметтеріне, банк ісіне, мемлекеттік секторға және ақылды қалаларға ықпал ету үшін пікірталас алаңы болып табылады. Конференция GBBC, Bitfury, Orbs, Soramitsu, STHORM, China Blockchain Research Center және бүкіл әлемдегі блокчейн экожүйесінің басқа да жетекші компанияларының өкілдерін жинады. 

 

Сұраулар:

“Астана” Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестицияларды өсіру үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. 
www.aifc.kz

Global Blockchain Business Council (GBBC) – интернет пайда болған сәттен бастап ең тиімді технологиялардың бірін әзірлеген жетекші салалық қауымдастық. 2017 жылы Давоста іске қосылған GBBC реттеуіштерді, бизнес көшбасшыларын және заң шығарушыларды осы революциялық технологияның артықшылықтары мен қолдануларына оқыту жолымен блокчейн технологиясын одан әрі енгізу үшін 50-ден астам елден Новаторлар мен идеялық көшбасшыларды біріктіреді.
Бастапқыда Сэр Ричард Брэнсон Некер аралында ойластырылған GBBC Швейцарияда орналасқан коммерциялық емес ұйым болып табылады.
https://www.gbbcouncil.org

AIFC AI assistant