«Астана» халықаралық қаржы орталығы Climate Bonds серіктестеріне қосылды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы инвесторларға бағдарланған және аз көміртекті экономикаға ірі масштабты инвестицияларға жәрдемдесетін коммерциялық емес ұйым Climate Bonds Initiative-пен (CBI) серіктестік туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа АХҚО әкімшілігі Төрағасының орынбасары Қайрат Әйтекенов пен СВІ Бас директоры Шон Кидни қол қойды.

СВІ жасыл облигациялар нарығын ақпараттандыру және ынталандыру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын атқарады, саясат үлгілері мен үкіметтік ұсынымдар, нарықтық деректер мен талдаулар береді, сондай-ақ Климаттық облигациялар стандарттарының жүйесі мен сертификаттауын басқарады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – Қазақстанның орталығында жуырда құрылған юрисдикция, оның мақсаты – елдің аз көміртекті экономикасына инвестициялар тарту, жергілікті капитал нарықтарын дамыту және халықаралық нарықтармен және стандарттармен интеграциясын қамтамасыз ету.

Климаттық облигациялар бойынша серіктестер бағдарламасына қосылу өңірді климатқа тұрақты және көміртек шығарылымы аз ұзақмерзімді инфрақұрылымдық жобалар үшін қажетті жасыл капитал ағымдарына тартымдырақ ету туралы АХҚО-ның мақсатына сай келеді.

Climate Bonds-тың серіктесі бола отырып, АХҚО жасыл облигациялар мен экологиялық таза қаржыландырудың өзге де құралдары бойынша эксклюзивті деректерге, сондай-ақ эмитенттермен, инвесторлармен және басқа да серіктестермен байланысу мүмкіндігіне қолжетімділікке ие болады.

АХҚО Басқарушы директоры Айдар Қазыбаев: «Climate Bonds Partners бағдарламасына қосылу шешімі жергілікті жасыл облигациялар нарығын құрудағы маңызды қадам болып табылады. Өткен жылы біз АХҚО Халықаралық биржасында Жасыл облигациялар қағидаларын қабылдадық, енді біз алғашқы эмитенттерге ерекше көмек көрсете отырып, оларды қолдаймыз. СВІ соңғы нарықтық ақпаратына қолжетімділік алу, сондай-ақ оларды әрдайым қолдау бұл процесте маңызды роль атқарады», – деп мәлімдеді.

Climate Bond Initiative-те серіктестік және коммерциялық қарым-қатынастар басшысы Серена Венто: «Біз СВІ-дың Орталық Азиядағы алғашқы серіктесі ретінде АХҚО-ны қошаметтеуге қуаныштымыз. АХҚО жасыл қаржыландыру саласында және нарықтың мүдделі жергілікті қатысушылары үшін қолдау жасауда жаһандық күнтізбені ілгерілету жағынан өңірде елеулі көшбасшылықты көрсетуде. СВІ бағдарламасына қосылғанда, біз АХҚО-ның климаттың өзгеру салдарын жұмсарту және шығарылымдардың нольдік деңгейіне өту үшін жергілікті жасыл қаржылар нарығын құру бойынша миссиясын қолдайтын боламыз», – деді.

Barclays, Deutsche Bank, HSBC, Moody’s, Лондон қор биржасы, UniCredit, Société Générale, Nasdaq, White & Case, Mizuho және басқалар сияқты ықпалды әлемдік қаржылық институттар СВІ-дың серіктестері болып табылады.


Анықтамалық ақпарат:

АХҚО туралы: «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО-ның мақсаты – қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Міндеттеріне ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету жатады. www.aifc.kz

Climate Bonds Initiative туралы: Инвесторларға бағдарланған және климаттың өзгеруі мәселелерін шешу үшін облигациялар нарығын жұмылдыруға ғана жұмыс істейтін халықаралық коммерциялық емес ұйым. Қосымша ақпарат алу үшін www.climatebonds.net сайтын қараңыз.

Climate Bonds Partners бағдарламасы туралы: Банктер, институционалдық инвесторлар, жеке және үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен үкіметтер жасыл және климаттық облигациялар нарығын өсіруге жәрдемдесу үшін Climate Bonds Серіктесі ретінде қосылуға құқылы. Серіктестер климаттық қаржыландыру бойынша шешімдерге инвестицияларды арттыру жөніндегі бастамаларды әзірлеуге көмектеседі, нарықты дамыту бойынша түрлі комитеттерге қатысады және жасыл облигациялардың секторлық, елдік және субұлттық нарықтары үшін бағдарламалық жоспарларды анықтауға көмек көрсетеді.

AIFC AI assistant