«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен ЦентрКредит Банкі API сервисін дамыту үшін өзара түсіністік жайындағы меморандумға қол қойды
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен ЦентрКредит Банкі (ЦКБ) OpenAPI технологиясына негізделген және потенциалды серіктестерге ұзақ дайындық процедураларынсыз банкпен интеграциялау жүргізуге әрі жаңа инновациялық сервистер құруға мүмкіндік беретін ЦКБ-нің ашық қаржылық платформасын (Платформа) бірігіп дамыту үшін өзара түсіністік жайындағы меморандумға қол қойды.
Сондай-ақ Меморандумда АХҚО қатысушыларының Платформаны пайдалануы, инновациялық зертханаларды дамыту, акселерация және инкубациялық бағдарламаларға қатысатын финтех-стартаптарға менторлық қолдау көрсету, бірлескен шеберлік сабақтары мен воркшоптар өткізу мәселелері бойынша құрылымдардың бірлесіп әрекет етуі туралы қағида баяндалған.
«Біз ЦентрКредит Банкімен OpenAPI технологиясын дамыту бойынша нәтижелі ынтымақтастық құруға дайынбыз. Ол нарыққа қатысушыларға жаңа инновациялық өнімдер жасаудағы мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады. Қаржы саласының ойыншыларын осы технологиямен таныстыру өте маңызды, өйткені оны қолдану нарыққа зор ықпалын тигізеді», – деп пікір білдірді АХҚО-ның Дамыту жөніндегі директоры Қайрат Қалиев.
«Біз «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз. Ашық қаржы платформаларын дамыту ЦКБ-нің маңызды даму бағыттарының бірі болып табылады. Біз қазақстандық ЕДБ ішінде қиын әрі жоғары технологиялық, қазіргі және потенциалды серіктестер мен клиенттердің Банк қызметтеріне қол жеткізуін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік беретін болашағы зор осы жобаны іске асырып жатқан алғашқы қаржы институттардың қатарындамыз. Қазіргі уақытта бұл сервис АХҚО мен оның резиденттерінің сұраныстары мен міндеттеріне сәйкес функционалды түрде кеңеюде. АХҚО-мен ынтымақтастық өзара тиімді болатынына және міндетті түрде өз жемісін беретініне сенеміз», – деп атап өтті ЦКБ-нің Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Владимиров.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. АХҚО құру туралы конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржы қызметтерін көрсететін жетекші орталықты құру. АХҚО міндеттеріне еліміздің экономикасына инвестициялар тартуға көмек көрсету, қаржылық қызмет көрсету саласына инвестициялау үшін жағымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалық қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялау жүргізуді қамтамасыз ету кіреді. www.aifc.kz
ЦентрКредит Банкі. «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 105-тен аса құрылымдық бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді. Банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге ҚР ҰБ 28.01.2015 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.