«Астана» халықаралық қаржы орталығының қолдауымен Қазақстандағы ислам қаржысы туралы зерттеу таныстырылды
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қолдауымен Қазақстандағы ислам қаржылары туралы зерттеу таныстырылды. Осы бағытты дамытудың орындылығын талдауды Малайзия үкіметінің қолдауымен Amanie Advisors және CSQ Law малайзиялық компаниялар консорциумы жүргізді. Зерттеудің басты мақсаты-Қазақстанға малайзиялық қаржы компаниялары мен инвесторларды тарту.
Тұсаукесерге және келесі панельдік пікірталасқа квазимемлекеттік сектор өкілдері, исламдық қаржыландыру нарығына қатысушылар, заңгерлер мен экономистер қатысты. Шараның арнайы қонағы Малайзияның ҚР-дағы Елшісі Сайед Мохаммад Бакри Сайед Абд Рахман болды.
Жиналғандардың алдында «АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайынов сөйлеген сөзінде ислам қаржысы АХҚО қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатындығын атап өтті.
«Ислам қаржысы аймақта даму үшін үлкен әлеуетке ие. Қазіргі уақытта ислам қаржысы елдің банк активтерінің жалпы көлемінің 1% – нан азын құрайды. Біз 2025 жылға қарай бұл сан 3-5% – ға дейін оның ішінде АХҚО көмегімен де, өседі деп үміттенеміз. Азия даму банкімен бірлесіп, біз исламдық банктік және банктік емес қаржылық қызметтерді тартуға арналған қолайлы құқықтық және нормативтік ортаны, өнімдер мен құралдарды әзірледік және АХҚО алаңында исламдық қаржы саласындағы қаржы ұйымдарын қарсы алуға қуаныштымыз», – деді Н. Құсайынов.
Датук Доктор Мох Дауд Бакар, Amanie Group негізін қалаушы және төрағасы былай деді: «Біз Қазақстанда тұңғыш рет, АХҚО қолдауымен өткізіліп жатқан бұл семинар ислам қаржысының дамуына түрткі болады деп есептейміз. Бұл әлі де нақты болашағы бар жас сала. Өз тарапымыздан Amanie Advisors және CSQ Law Қазақстан осы бағытта тартымды платформа болу үшін қажетті көмек көрсетуге дайын».
Зерттеу Астана мен Алматыда реттеушілермен және қаржы ойыншыларымен сұхбат жүргізу арқылы жүргізілді. Сондай-ақ, бүкіл Қазақстан бойынша 1000-нан астам корреспонденттің қатысуымен Ислам қаржысы туралы хабардарлыққа ұлттық зерттеу жүргізілді. 2019 жылдың сәуір айының ортасына қарай аяқтау жоспарланып отырған деректерді толық талдау Қазақстан мен Малайзияның қаржы нарығының қатысушылары саланың дамуын ынталандыру үшін ынтымақтаса алатын және бір-бірінен үйренетін салаларды анықтайды.
Малайзиялық сарапшылар зерттеудің алдын ала нәтижелерін таныстыру барысында Қазақстандағы исламдық қаржыландырудың қазіргі жағдайы туралы, индустрияны дамытудағы реттеушілердің рөлі туралы айтып, аталған салада бизнес жүргізудің әртүрлі модельдері мен құрылымдарымен бөлісті.
Бұдан бұрын, 2018 жылғы 30 қазанда Алматы қаласындағы Қазақстан-Малайзия бизнес форумы аясында АХҚО мен консорциум арасында ислам қаржы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Сұраулар:
АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық 2015 жылғы желтоқсан айында қабылданған «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға сәйкес қызмет етеді. АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.