Астана GFCI қаржы орталықтарының рейтингінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірінде көшбасшылықты жалғастыруда
GFCI (Global Financial Centres Index) қаржы орталықтарының жаңартылған рейтингіне сәйкес, Астана бір жарым жылдан бері қатарынан үшінші шығарылымында да Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірінде өзінің көшбасшылығын сақтап келеді.
GFCI рейтингі қаржы орталықтарын бағалаудың әлемдік бірден-бір стандарты бола отырып, Шенжендегі Қытай даму институты (CDI) мен Лондондағы Z/Yen Partners арасындағы серіктестікте шығарылып келеді. Беделді мекеме қаржы орталықтарын бизнес ортасы, қаржы секторы, инфрақұрылым, адами капитал және қалалардың беделін қоса алғанда, әртүрлі критерийлер бойынша жан-жақты бағалайды.
Global Financial Centres Index (GFCI) 35-ші шығарылымында 133 қаржы орталығы талданды, олардың 121-і негізгі индекске кірді. Орталықтардың рейтингі 145 макроэкономикалық көрсеткіштерге және қаржы секторы мен сабақтас салалардың 8 мыңнан астам маманынан алынған 48 мыңнан астам бағалауға негізделеді.
Макроэкономикалық деректерді Дүниежүзілік банк, Economist Group зерттеу және талдау бөлімі – Economist Intelligence Unit сияқты ұйымдар ұсынады, сондай-ақ олар өз зерттеулер мен талдауларын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымындағы болжамдар мен кеңестер арқылы да береді.
Жаһандық рейтингте Астана 60 орыннан 66 орынға ауысып, кейбір позицияларын жоғалтқанына қарамастан, оның көрсеткіштері 4 ұпайға жақсарып, 678 белгісіне жетті. Финтехтің даму рейтингінде Астана Дублин мен Осаканы айналып өтіп, 2 орынға көтерілді. Әлемнің төрт бұрышынан, соның ішінде Солтүстік Американың, Батыс пен Шығыс Еуропаның және Азияның сарапшылары оны орташадан жоғары бағалады.
Естеріңізге сала кетсек, Астана GFCI рейтингіне алғаш рет 2018 жылдың наурыз айында кірген болатын. Қаланы осы рейтингке қосу өңірдегі компанияларды дамыту үшін экожүйені ұсына отырып, инвесторлар мен бизнес үшін қаржы хабы ретінде әрекет ететін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) жұмыс істеуінің нәтижесі болды. GFCI рейтингінде Астананың өңірдегі көшбасшылық позициясы оның басқа қаржы орталықтары арасындағы беделді артықшылығын көрсетеді.
Анықтамалық ақпарат
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу әрі жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құра отырып Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы мен дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. https://aifc.kz