Astana International Exchange ашық және қауіпсіз нарықты қамтамасыз ету үшін NASDAQ SMARTS технологиясын енгізді
Astana International Exchange (AIX) NASDAQ SMARTS нарықтық қадағалау жүйесінің сәтті енгізілгені туралы хабарлайды. Бұл жүйенің мақсаты – нақты уақыт режимінде нарықтық операцияларды бақылау және қадағалау. NASDAQ SMARTS жүйесі шеңберінде хабардар ету мен есептер жинағы AIX-ке аномальды сауда әрекеттерін (спуфингті, “layering”, сөз байласуды және т.б. қоса алғанда) белсенді анықтауға және активтердің барлық түрлері (тіркелген кірісі бар акциялар мен қағаздар) бойынша нарықтық теріс пайдалану жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл технологияның ауқымын кеңейтуге және қажет болған жағдайда бағалы қағаздардың басқа түрлері үшін пайдалануға болады.
AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт былай деп түсініктеме берді:
“SMARTS бақылау жүйесін енгізу аномальды сауда әрекеттерін анықтау есебінен нарықтың тұтастығын қамтамасыз етеді және біздің клиенттерімізге әділ, ашық және қауіпсіз нарық ұсынады, бұл өтімділікті тарту үшін шешуші мәнге ие. Біз әлемдік трейдингтік технологиялардың танымал жеткізушісімен әріптестікте жаһандық стандарттарға сәйкес келетін инфрақұрылымымызды жасауды жалғастырамыз”.
Nasdaq нарықтық технологиялар жөніндегі кіші вице-президенті Энди Грин былай деп атап өтті:
“SMARTS енгізе отырып, AIX Қазақстан мен Орталық Азия өңірін “көгілдір фишкалармен” қамтамасыз етуге өзінің бейілділігін, сондай-ақ бүкіл әлемде реттеуші органдар мен биржаларды пайдаланатын өз класында үздік бақылау мүмкіндіктерін баса көрсетеді. Нұр-Сұлтан капитал нарығы үшін тораптық орталық ретінде дами бастағанына қарай нарықтардың тұтастығы мен қаржылық қылмыстардан қорғалуы бұрынғыға қарағанда өзекті болып тұр. Біз осы маңызды бастамада AIX-пен бірлескен жұмысты асыға күтеміз”.
Нақты уақыт режимінде қадағалау жүйелерінің салалық эталоны бола отырып, NASDAQ SMARTS бақылау технологиясы қадағалауды ұйымдастырудың жалпы тиімділігін арттыруға және тіпті сауда шарттарының күрделенуі мен жаңа ережелердің пайда болуы шамасына қарай да шығындарды азайтуға көмектесе отырып, ықтимал теріс пайдалануларды немесе ретсіз сауданы анықтауды, тергеуді және талдауды автоматтандырады. Бұл технологиялық шешімдер бірнеше инвестициялық ұйымдарды қоса алғанда, 65 елде 50-ден астам биржалық алаңды, 18 реттеушіні және 170+ нарыққа қатысушыларды мониторинг жүргізу үшін пайдаланады.
Сұраулар:
Astana International Exchange 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылған. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және АІХ сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. AIX халықаралық инвесторларға таныс нормативтік-құқықтық орта аясында, ағылшын құқығының юрисдикциясында жұмыс істейді. Биржада жоғары технологиялық сауда инфрақұрылымы әзірленді және жұмыс істейді. Жергілікті және халықаралық брокерлердің экожүйесі құрылды. 2018 жылдың қараша айында AIX-те “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ IPO сәтті өтті. 2019 жылдың сәуірінде биржадағы қос листингтен Polymetal International Plc ірі тау-кен компаниясы өтті. Сондай-ақ, AIX платформасында листингтен өтіп және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еурооблигациялары мен “Қазақстан темір жолы”АҚ корпоративтік облигациялары орналастырылды. “Шұбаркөл Көмір” АҚ және “Қазхром” ТҰК” АҚ бағалы қағаздары “pre-IPO”санатына қосылды. AIX (AIX CSD) орталық депозитарийінің мүшелері екі кастодиан банкі болып табылады, AIX CSD-де инвесторлардың 60 000-нан астам шоты ашылды. AIX – Еуропа және Азия қор биржалары федерациясының мүшесі болып табылады. 2019 жылдың қаңтарында Ұлыбританияның Салық және кеден қызметі (HMRC) AIX-ке танылған қор биржасы мәртебесін берді. AIX CSD-еуропалық CSD қауымдастығының мүшесі болып табылады. www.aix.kz
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Астана” халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету болып табылады.
www.aifc.kz