«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы және Visa Орталық Азиядағы Visa Everywhere Initiative сайысын өткізді

Visa Everywhere Initiative (VEI) сайысының соңғы айналымы Fintech Summit Astana Finance Days шеңберінде «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының Финтех Хабында өткізілді. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Сингапур және Ресейден келген жиырма команда құрамына тәуелсіз финтех сарапшылары мен Visa, Альфа-банк, Halyk bank, Бірінші кредиттік бюро және ABC-I2BF Seed Fund өкілдері кірген әділ-қазылар алқасының шешімдерін іске асырудың егжей-тегжейлі бизнес-модельдері мен жұмыс істеп тұрған прототиптерін ұсынды.

Visa Everywhere Initiative қатысушыларының шешімдері қаржылық сауаттылық, жеке тұлғаларға арналған қаржылық сервистер, шағын және орта бизнеске арналған қаржылық сервистер, сақтандырудағы (Insurtech) жаңа технологиялар мен өнімдер , B2B қаржы секторына арналған сервистер, Beeline мобильді қаржылық сервистері сияқты бағыттарда ұсынылды. Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі бес команда жеңімпаз атанды:

– reKassa (Қазақстан)

– LendingStar (Сингапур)

– Nebank.kz (Қазақстан)

– NumbaPay (Қырғызстан)

-Marta (Өзбекстан)

 

«Бүгінде бүкіл әлемде 5 миллиардқа жуық адам мобильді құрылғыларға ие, алайда 2 миллиардқа жуығы сенімді және қауіпсіз қаржылық қызметтерге қол жеткізе алмайды.  Бұл қаржылық сауаттылықты арттыруға, банктік қызметтерге қол жеткізуге, қауіпсіз және жылдам төлем жасауға көмектесетін инновациялық шешімдерді іздеуге бағытталған Visa Everywhere Initiative сияқты бағдарламалардың жоғары сұранысы мен маңыздылығын білдіреді», – ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa компаниясының аға Вице-президенті және аймақтық бөлімшесінің директоры Вера Платонова атап өтті. – «Біз Орталық Азиядағы VEI алғашқы жобасының сәтті өткеніне және қатысушылардың көп бөлігі арасында қызығушылық тудырғанымызға қуаныштымыз. Олардың барлығы төлем және коммерция саласындағы ертеңгі күннің міндеттерін шешу бойынша қызықты идеяларды көрсетті. Visa Everywhere Initiative өз кезегінде Орталық Азия елдерінің сандық экономикасына көшуге ықпал ететін нарық үшін өзекті қаржы шешімдерін құру және іске асыру үшін тұрақты алаң болады деп үміттенеміз». 

Іс-шара аясында жетекші қазақстандық және халықаралық компаниялар сарапшыларының қатысуымен пікірталас өтті. Сарапшылар жаһандық деңгейдегі қаржы саласындағы негізгі үрдістерді, қаржы ұйымдары мен стартаптар арасындағы финтех-ынтымақтастықтың табысты үлгілерінің мысалдарын, әлемдік деңгейдегі таланттарды басқару мен тартуды, бірлескен жұмыс үшін тиімді модельдерді, инвестицияларды ынталандыру үшін шарттарды, инновацияны жылдамдатқан бүкіл әлем бойынша бастамалардың мысалдарын талқылады.

VEI-дың барлық қатысушылары Visa немесе оның серіктестері – банктермен, сақтандыру компанияларымен, ұялы байланыс операторларымен ынтымақтастықта өз әзірлемелері мен идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Бағдарламаның серіктестері: Alfa Bank, Beeline, Centras Insurance, Halyk Bank, Wooppay, Forte Bank, KPMG, Kazpost, Al Hilal Bank, және т.б.

VEI – бұл Орталық Азияда бірінші рет АХҚО-мен әріптестікте өткізілетін стартаптардың финтехін қолдауға арналған Visa ғаламдық бағдарламасы. Наурыз айының ортасынан сәуір айының соңына дейін өтінімдер беру үдерісінің 1,5 ай ішінде қаржылық сауаттылықтан бастап жасанды интеллектке дейін VEI бағдарламасына қатысуға 93 өтінім берілді. Өтініштер идея сатысында, сондай-ақ іске асыруға дайын жобалар сатысында берілді. 93-тен 34 команда 23-24 мамыр аралығында АХҚО-ның Финтех Хабында өткен жартылай финалынаа өтті.

Бірінші рет Visa Everywhere Initiative 2015 жылы басталды, осы уақыт ішінде бағдарламаға 4000-нан астам стартап қатысты, 220 финалист менторлық қолдауға ие болды, ал 70 жеңімпаз жалпы суммасы 1 миллион доллардан астам жүлделерге ие болды. Бүгін VEI стартаптары 2,5 миллиард доллардан астам инвестиция тартты.

 

 

Анықтама:

АХҚО. Астана Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестицияларды өсіру үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.

www.aifc.kz

 

Visa Inc. (NYSE: V) цифрлық төлемдер саласында әлемдік көшбасшы болып табылады. Біздің миссиямызбарынша инновациялық, сенімді және қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, бұл тұтынушыларға, бизнеске және экономикаға жалпы жоспарлы түрде дамуға мүмкіндік береді.  Біздің жаңа ғаламдық VisaNet технологиялық желіміз бүкіл әлем бойынша сенімді және қауіпсіз төлемдерді қамтамасыз етеді және секундына 65 000 транзакцияны өңдей алады. Visa компаниясы инновацияларға үлкен көңіл бөледі, бұлconnected commerceжылдам өсудің катализаторы болып табылады, оның жағдайында кез келген қосылған құрылғы төлемдерді жүзеге асыруға қабілетті және осылайша болашаққа қолмақол ақшасызбарлық және барлық жерде көшуді жақындатады. Аналогтық технологиялардан сандық технологияларға өту кезінде Visa өзінің брендін, өнімдерін, сарапшыларын, желісін және ауқымын коммерцияны трансформациялау үшін пайдаланады. Қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз www.corporate.visa.com,     www.facebook.com/VisaKazakhstan, www.visa.com.kzVisa CISSEE Newsroom.

 

AIFC AI assistant