АХҚО, Caspian University және Narxoz University «АХҚО және оның жас заңгерлерге арналған мүмкіндіктері» атты қонақ дәрістерін өткізді
«Астана» халықаралық қаржы орталығы, Caspian University және Narxoz University «Жас заңгерлерге арналған АХҚО-ның мүмкіндіктері» атты онлайн қонақ дәрістерін өткізді. Дәрістерге ҚР ЖОО студенттері қатыса алды.
АХҚО әкімшілігі Басқарма Төрағасының орынбасары Н. Қосбаев өз сөзінде студенттерді қаржы орталығы қызметінің негізгі бағыттарымен, жалпы құқықтың ерекшеліктерімен және АХҚО-дағы кәсіби даму мүмкіндіктерімен таныстырды.
Іс-шара жас заңгерлерге АХҚО құқығын зерделеу және практикалық қолдану мәселелерінде жәрдем көрсетуге және студенттерді кәсіби заң қызметінің халықаралық стандарттарымен таныстыруға бағытталған.
АХҚО Құқық академиясының қызметі аясында жас мамандардың кәсіби дағдылары мен білімдерін дамытуға ықпал ететін түрлі білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы заңгерлердің жас буынына тұрақты негізде жүйелі қолдау көрсетеді.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу.www.aifc.kz