Қазан айында AIX-тегі сауда-саттық көлемі 2,2 млн АҚШ долларын құрады (848 млн теңге)
Айналымның үштен бірі Халық Банктің ЖДҚ есебінен болды
Astana International Exchange (Биржа, AIX) 2019 жылдың 1-31 қазаны аралығындағы сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Көрсетілген уақыт ішінде сауданың жиынтық айналымы 2 178 798, 982 АҚШ долларын құрады (848 191 647,96 теңге [1]). Айналымының үштен бірі «Халық Банктің» ЖДҚ (HSBK.Y) саудасының есебінен болды, бұла талғана бағалы қағаздарды AIX-тегі танымалдылық жағынан екінші орынға шығарады.
AIX Басқарма Төрағасы Тим Беннетт былай деді:
«Қазатомөнеркәсіп» ЖДҚ-ның екінші рет орналастырылуы, сондай-ақ «Халық Банктің» қыркүйек айының соңындағы листингі алаңымыздағы өтімділікті арттырды және AIX-тің Қазақстандағы шетелдік және жергілікті инвесторлар үшін біріккен нарықты дамыта алатындығын көрсетті».
Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу:
Бағалы қағаз |
Айдың қорытындысы бойынша мәмілелер саны |
Өткен айға қатысты өзгеріс, % |
Айдың қорытындысы бойынша мәмілелер саны |
Өткен айға қатысты өзгеріс, % |
Айдың қорытындысы бойынша сатылатын акциялардың саны |
Өткен айға қатысты өзгеріс, % |
2019 жылғы мәмілелердің жалпы саны |
2019 жылғы мәмілелердің жалпы көлемі |
KAP |
733 |
-15,75% |
KZT 827,119,550 |
-39,26% |
163,785 |
-41,28% |
733 |
KZT 827,119,550 |
KAP.Y |
31 |
-6,06% |
USD 316,672.48 |
-12,49% |
23,548 |
9,68% |
31 |
USD 316,672.48 |
POLY |
24 |
20,00% |
USD 433,198.94 |
8,49% |
29,378 |
5,73% |
88 |
USD 21,580,431.89 |
RUSB |
0 |
-100% |
– |
-100% |
0
|
-100%
|
5 |
USD 29,482.50 |
HSBK |
2 |
– |
KZT 8,646,500.00 |
– |
70,000 |
– |
2 |
KZT 8,646,500.00 |
HSBK.Y |
134 |
– |
USD 591,507.22 |
– |
46,107 |
– |
134 |
USD 591,507.22 |
[1] Есеп айырысулар үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің сауда күніндегі ресми бағамы қолданылды.
Сұраулар:
AIX. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады. www.aifc.kz