БАӘ энергетика және инфрақұрылым министрі АХҚО қызметімен танысты
«Астана» халықаралық қаржы орталығына (бұдан әрі – АХҚО, Орталық) БАӘ энергетика және инфрақұрылым министрі – Сухейл әл-Мазруи келді. Қонақ Астанаға Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) алтыншы саммитіне қатысу үшін келді. АӨСШК шақыру бастамасының 30 жылдығын атап өтеді.
Министрді АХҚО Басқарушысы қарсы алды. Қайрат Келімбетов АХҚО құру кезінде Дубай халықаралық қаржы орталығының (DIFC) тәжірибесі мұқият зерделенгенін және қолданылғанын атап өтіп, қазіргі уақытта Орталықтың юрисдикциясында БАӘ-ден 24 компания тіркелгенін атап өтті.
Сапар барысында қонаққа юрисдикцияның артықшылықтары, сондай-ақ АХҚО қызметінің негізгі түрлері және оның органдары мен ұйымдарының, мысалы, Сот және Халықаралық төрелік орталығы, Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніңдегі комитеті, Жасыл қаржы орталығы, Тех хаб, Экспат орталығы, АХҚО Биржасы және т. б. жұмыстары ұсынылды.
БАӘ энергетика және инфрақұрылым министрі АХҚО аумағында қолданылатын жалпы құқықтың қағидаттары мен нормаларына, салықтық преференцияларға және визалық жеңілдіктерге негізделген ерекше құқықтық режиммен танысты.
Кездесуге қатысушылар АХҚО, DIFC және Abu Dhabi Global Market (ADGM) қаржы орталығы арасындағы тығыз қарым-қатынасты атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар цифрлық экономика, қаржылық қызметтер, Инвестициялар және т. б. салалардағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға келісті.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі халықаралық форум болып табылады. АӨСШК-Азия мен жаһандық әлемдегі бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылық арасындағы тікелей байланысты түсінуге негізделген форум. Мүше мемлекеттер БҰҰ Жарғысына адалдықтарын растай отырып, Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке Азиядағы ортақ бөлінбейтін қауіпсіздікке әкелетін диалог пен ынтымақтастық арқылы қол жеткізуге болады деп санайды. https://www.s-cica.org/ru