Бакуде өткен COP29-да аралас климаттық қаржыландыру талқыланды

Климаттық өзгерістерге байланысты жобаларға жеке бизнесті тарту үшін «жасыл» экономикаға көшуді жеделдетуге әрі экономикаға жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін аралас қаржыландыру құралдары маңызды фактор саналады. 14 қарашада Бакуде өткен COP29 аясында АХҚО ұйымдастырған «Аралас климаттық қаржыландыру тетіктерін дамыту перспективалары» сессиясында бұл негізгі тақырыптардың бірі болды. 

«Аралас қаржыландыру – климаттың өзгеруіне байланысты жобаларға жеке капиталды тартудың негізгі факторы. Бұл инвестициялау тәуекелдерін азайтуға, жаңа технологияларды тартуға және сайып келгенде жасыл экономикаға көшуді жеделдетуге мүмкіндік береді. Юнибанктің Бакуде алғашқы жасыл облигацияларды шығаруы осы үрдістің жарқын үлгісі және өңір үшін шабыттандыратын белгі», – деп атап өтті сессияның модераторы болған АХҚО Жасыл қаржы орталығының бас директоры Манас Гиждуаниев.  

Сондай-ақ, іс-шара қатысушылары аймақ пен жекелеген елдер тұрғысында аралас климаттық қаржыландырудың тиімді тетіктерін, іске асырудың ықтимал құралдары мен практикалық аспектілерін, осындай тетіктерді енгізудегі кедергілерімен катализаторларды, энергиялық ауысу үшін қаржыландырудың сәтті мысалдарын, сондай-ақ жария және донорлық қорландыру құралдары арқылы жеке капиталды тартуды талқылады. Сессия тәжірибе алмасу әрі климаттық мақсаттарға жету үшін инвестициялар тарту бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды. 

Спикерлер қатарында Қытай Жасыл қаржы комитетінің төрағасы доктор Ма Джун, Жасыл инвестициялар қағидаттары басқарушы комитетінің тең төрағасы, Климаттық облигациялар жөніндегі бастаманың басшысы Шон Кидни, Еуразиялық даму банкінің басқарушы директоры Конрад Альбрехт, Қазақстан даму банкі басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева, Азия даму банкінің энергиялық ауысу жөніндегі кеңесшісі Эндрю Джеффрис және «Самұрық-Энерго» бас қаржы директоры Алмасби Камалов пен CSIS-тегі климат пен энергетика экономикасын зерттеуші Арди Вардана болғанын айта кету керек.  

Анықтамалық ақпарат:   

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашып, жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz      

АХҚО баспасөз қызметі 

Айнұр Исабаева   

Баспасөз хатшысы   

Тел: +7 701 777 6558 

E-mail: [email protected]  

AIFC AI assistant