АХҚО «Белдеу және Жол» бастамасы бойынша Инвестициялық кеңес құру туралы хабарлады

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Astana Finance Days конференциясының шеңберінде «Белдеу және Жол» бастамасы бойынша Инвестициялық кеңес (BRI Инвестициялық кеңесі) құрылғаны туралы хабарлады, ол консультациялық комитет ретінде жұмыс атқаратын болады. BRI Инвестициялық кеңесінің миссиясы Қазақстан экономикасының дамуына қолдау көрсету, жеделдету және әртараптандыру; өңірде «Белдеу және Жол» (BRI) шеңберінде инфрақұрылым мен ынтымақтастық құру; өңірде BRI шеңберінде инвестициялау және қаржыландыру бойынша АХҚО-ның рөлін айғақтау және күшейту болып табылады.

BRI Инвестициялық кеңесіне кіруге әзірліктерін келесі ұйымдар білдірді: АХҚО, Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange), Жібек Жолы Қоры (Silk Road Fund), Қытай халықаралық капитал корпорациясы (China International Capital Corporation), Бриллинк Банкі (Brillink Bank), Самұрық-Қазына инвест, Қытай құрылыс банкінің Астана филиалы (China Construction Bank Astana Branch), Алматы қ. Қытай сауда-өнеркәсіп Банкі (Industrial and Commercial Bank of China Almaty), Қазақстандағы Қытай Банкі(Bank of China Kazakhstan), Дентонс Қазақстан (Dentons Қазақстан) және Халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі Қытай комитетінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігі (China Council for the Promotion of International Trade Representative Office in Kazakhstan).

АХҚО басқарушысы доктор Қайрат Келімбетов былай деп атап өтті: «Қазақстан мен Қытай арасындағы қаржылық және инвестициялық ынтымақтастық Қазақстанның өнеркәсіптік секторлары мен Қытайдың инвестициялық және қаржы секторлары арасындағы өзара түсіністікке, тиімді байланыстарға және ақпарат алмасуға ықпал етуді жалғастыра отырып, өзінің зор әлеуетін сақтап отыр. АХҚО-ның кешенді шешімдері Қазақстан мен Қытайдың инвестициялық тартымды жобаларын іске асыру үшін, сондай-ақ біздің елдеріміздің арасындағы инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықты дамыту үшін кеңінен пайдаланылатын практикалық құралдар ретінде қызмет ете алады».

BRI Инвестициялық кеңесі міндеттерінің ауқымы мынадай:

  • «Жасыл» энергетика, жасанды интеллект, электрондық сауда, цифрлық экономика, заманауи медицина және заманауи ауыл шаруашылығын қоса, BRI және «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатының шеңберінде қолдау көрсетілетін бірқатар басымды салаларды анықтау.
  • Қазақстанның өнеркәсіп секторлары мен Қытайдың инвестициялық және қаржы секторлары арасындағы өзара түсіністікке, тиімді байланыстарға және ақпарат алмасуға ықпал ету
  • Қазақстанның инвестициялық тартымды жобаларының иелері арасында, сондай-ақ Қытайдың инвесторлары мен қаржы мекемелері арасында АХҚО-ның кешенді шешімдерін ілгерілетуге ықпал ету.
  • Қазақстан мен Қытайдың қаржы мекемелері арасындағы инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықты Қазақстанның инвестициялық тартымды жобаларына қолдау көрсетуге қатысты ілгерілету.
  • Қазақстан субъектілеріне (Үкіметке, компанияларға, ірі жобалар мен қаржы мекемелеріне) қаржы ресурстарының мүмкіндігінше мол көлемін, соның ішінде Қытайдан және басқа елдерден немесе өңірлерден ресурстар тартуда қолдау көрсету, сондай-ақ оларға акциялар, жарнапұлдар, борыштар, облигациялар және басқа да қаржы құралдары арқылы капиталдың барынша жоғары көлемін тартуда көмек көрсету.

Astana Finance Days 2022 бас демеушісі – Eurasian Resources Group (ERG).

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz

AIFC AI assistant