АІХ-те биткойнға фьючерс көрсеткіштерімен байланыстырылған биржалық ноталар листингтелді

Astana International Exchange (AIX, Биржа) жаңа биржалық нота – iX Bitcoin Exchange Traded Notes (Ноталар) листингі туралы қуана хабарлайды, олардың базалық активтері ProShares Bitcoin Strategy ETF (“BITO”) акциялары болып табылады. Бұл ноталарды биткоин фьючерстерінің динамикасын қадағалап отыратын ең ірі қорлардың бірі және BITO акциялары жалғыз активі болып табылатын – iX Bitcoin SPC Limited арнайы мақсаттағы компания (“SPC”)  шығарады.  

AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектұров былай деп түсіндірді:

“АІХ-те ұсынылған жаңа биржалық қор қазақстандық инвесторларға өздерінің инвестициялық портфельдерін әртараптандыру және сұранысқа ең ие болып отырған цифрлық валютаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – инвесторлар өздерінің тәуекелдік аппетитіне сәйкес инвестициялық портфель құра алатындай өнімдердің желісін кеңейту».

SPC базалық активтерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін Райффайзенбанк банк-кастодиан, ал CROWE Kazakhstan – аудиторлық компания болып тағайындалды. Ренессанс Капитал бұл бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер ретінде болады.  

 

Анықтама: 

AIX биржасы 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ “Бір белдеу, бір жол” бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді

АХҚО. “Астана” халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». https://aifc.kz/

AIFC AI assistant