ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мерейтойына орай кітап шығарылды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мерейтойына орай «Заманауи қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы (алғашқы қолдан)» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасын таныстырды.

Кітапта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының егемен Қазақстанның заманауи мемлекеттілігін бекіту мен нығайтудағы рөлі ашылған. Басылымда Елбасының басшылығымен елдің қалыптасу және даму процесі, мемлекеттік басқару институттарын құру мен жаңғырту кезеңдері айтылған. Қазақстан Республикасы Конституциясы негізінде қазақстандық қоғамның жаңғыртылуы жан-жақты қамтылған.

Кітаптың онлайн таныстырылымы салтанатына ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асанов Ж.Қ., ҚР Әділет министрі Бекетаев М.Б., ҚР Конституциялық кеңес мүшесі Шапақ Ү.Ш., АХҚО Басқарушысы Келімбетов Қ.Н. және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Рогов И.И. қатысты.

Кітаптың ерекшеліктерінің бірі – оны құрастыруға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалған реформалар мен өзгерістерге тікелей қатысқан мемлекеттік және қоғам қайраткерлері атсалысты.

Шараға сонымен қатар Латвия Конституциялық сотының Төрағасы И. Зиемеле, АХҚО ХТО Төрағасы Б.Доманн, АХҚО Академиялық кеңесінің мүшесі Әбдірайымов Б.Ж. және Ғылым академиясының тілтану мамандығы бойынша академигі Ш.Құрманбайұлы қатысты.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО-ның мақсаты – қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Міндеттеріне ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету жатады. https://aifc.zuweb.co