Кембридждің баламалы қаржы орталығы AFSA қызметкерлерінің жобасын финтех және реттеуші инновациялар саласында өз бағдарламасы бойынша ең жақсы үлгілердің бірі деп таныды

AFSA қызметкерлерінің Цифрлық активтерге байланысты қызметтерді жеткізушілерге (ЦАҚЖ) арналған жобасы Кембридж баламалы қаржы орталығы мен Бизнес мектебінің басшыларын оқыту бағдарламасындағы ең жақсы үлгілердің бірі ретінде аталды. Алмас Серікұлы, Гауһар Қаттабек, Зарина Сейдахметова және Жали Уәлиев финтех және реттеуші инновациялар саласындағы кезекті білім беру бағдарламасын іске қосуға қатысып, курс тыңдаушыларының жаңа лебіне жол ашты.

Оқу кезінде алынған білім AFSA қызметкерлеріне 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін ЦАҚЖ арналған құқықтық базаны әзірлеуге көмектесті. Аталған құқықтық база инновацияларды қолдауға және бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Сондай-ақ ол инвесторларға арзан, жылдам әрі қауіпсіз қаржылық қызметтер беруге және активтерді басқару қызметі саласында айтарлықтай артықшылық беруді көздейді.

AFSA қызметкерлері Азия Даму Банкі институтының гранты негізінде білім беру курсынан өтті. Онлайн курс орталық банктерде, бағалы қағаздар агенттіктерінде және қаржы министрліктерінде реттеуші тұжырымдамаларды әзірлейтін аға сарапшыларға арнайы ұйымдастырылды.

Өз сөзінде AFSA басшысы Нұрхат Көшімов: «Мұндай жетістіктер реттеуші ретінде AFSA-ның жас мамандардың дамуына ерекше назар аударатынын көрсетеді. Біз жас қызметкерлеріміздің әлемдік стипендияларға ие болып, алған білімдерін Қазақстанға құйып жатқанын зор мақтанышпен айтамыз», — деп қызметкерлердің табысын айрықша атап өтті.  

«Біз Кембридж баламалы қаржы орталығында AFSA қызметкерлерінің финтех және реттеуші инновациялар бағдарламасындағы жетістіктерімен құттықтаймыз. Ұсынған жобаларымен бағдарламаның негізгі мақсатына жетіп қана қоймай олар реттеу саласындағы инновациялардың катализаторы бола алатын зор нәтижелерге қол жеткізді. Бізге қосылғаныңызға және келесі бағдарламамыздың жаңа мүшелерін қарсы алғандарыңызға мың да бір рахмет»,- деді Кембридждің баламалы қаржы орталығының әлеуетті дамыту және оқыту тобының жетекшісі доктор Ди Аллен.

 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы»  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

 

АХҚО-да 78 елден 2100-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

 «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

 

Байланыс ақпараты:

Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

AIFC AI assistant