АХҚО-ның «Кепіл туралы» және «Жеке мүлік туралы» актілеріне ұсынылатын түзетулер туралы Консультативтік құжат
«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі нарықтан ұсыныстар алу мақсатында АХҚО-ның «Кепіл туралы» актісіне және АХҚО-ның «Жеке мүлік туралы» актісіне ұсынылатын түзетулер туралы Консультативтік құжат шығарды. Құжатпен танысу үшін келесі сілтемеге өтіңіз:
Осы құжаттағы ұсыныстар АХҚО аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғысы келетін АХҚО-ның қазіргі және әлеуетті қатысушылары үшін қызықты болады.
Консультативтік құжат келесідей бөліктерден тұрады:
I бөлім- Кіріспе;
II бөлім — Заңнамалық ұсыныс;
1-қосымша- Ұсыныстар бойынша бағдарламалық құжат (Policy Paper);
2-қосымша — Ұсынылған түзетулер.
Ұсыныстар берудің соңғы мерзімі: 2024 жылдың 30 сәуірі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз қандай да бір өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәселені қарастырамыз.