ДЭФ сарапшылары шағын және орта бизнеске технологияларды енгізуге COVID-19-дың әсерін зерттеді

Қазақстандағы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) консультанты, сарапшы Тангуль Абдразакова 2021 жылғы желтоқсанда жарияланған «Шағын және орта кәсіпорындарда технологияларды енгізуге  Covid-19-дың әсері: салдары мен келешегі» атты баяндаманы дайындады. Баяндамада технологияларды кеңінен енгізуге және ШОБ өнімділігін арттыруға ықпал ететін кедергілер мен тиісті ұсыныстар көрсетілген.

ШОБ әлемдегі барлық компаниялардың 90%-дан астамын құрайды және әлеуметтік ұтқырлықтың маңызды факторы болып табылады, өйткені 10-нан 7 жұмыс орнын құрайды. Алайда, бұл компанияларға Төртінші өнеркәсіптік революциясы (Индустрия 4.0) ұсынатын құралдарды игеру қиынға соғады. COVID-19 пандемиясы ШОБ үшін бұрын-соңды болмаған қиындықтар туғызды.

Технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар төрт негізгі бағыттарды қамтиды: хабардарлықты арттыру, сараптамалық қолдау және біліктілікті арттыру, қаржылық қолдау және ынтымақтастық экожүйесі.

Баяндама авторының айтуынша, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық өнеркәсіптік саясатты енгізу қажет .

Баяндаманың толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады.

Анықтамалық ақпарат:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.www.aifc.kz

АХҚО Tech Hub – бұл дүниежүзілік стартаптардың, кәсіпкерлердің, корпорациялардың, инвесторлардың, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандардың тоғысу орталығы. АХҚО-да технологиялардың дамуы стартаптарды қолдау бағдарламаларын, корпоративтік инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен технологиялар саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынауға мүмкіндік беретін реттеушіні қамтиды. https://tech.aifc.kz/

Төртінші өнеркәсіптік революциясының Қазақстандағы Аффилденген орталығы Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) АХҚО және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп 2021 жылғы шілдеде іске қосты. АХҚО Tech Hub Қазақстандағы 4 өнеркәсіптік революцияның аффилиирленген орталығы 2021 жылғы шілдеде іске қосылды және 2021 жылғы қыркүйекте жұмыс істей бастады және ол айрықша мүмкіндіктер мен ресурстарды ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

AIFC AI assistant