Astana Finance Days аясында ТМД-дағы венчурлық капиталдың экожүйесі талқыланды
Қазақстан, Орта Азия және Ресейдің жетекші венчурлік қорлары, ассоциациялары мен инвесторларының өкілдері COVID-19 пандемиясының венчурлық капитал нарығына әсерін және ары қарай өсу перспективаларын талқылады.
Қазақстанда стартаптар нарығы әлі күнге дейін дамудың алғашқы сатысында тұр. Мұнда «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Финтех хабы, Астана хабы және TechGarden сияқты жеделдету бағдарламалары жұмыс істейді. АХҚО нарықтың өсуі үшін қосымша ынталандыруды ұсына алады.
«АХҚО юрисдикциясының пайда болғанына көп өтпесе де, мұндағы принциптер ТМД елдерінде теңдессіз. Тіпті ТМД-дағы ең озық юрисдикция деуге болады», – дейді «Starta Ventures» серіктестігінің негізін қалаушы және бас серіктесі Алексей Гирин.
Стартаптар үшін ТМД елдерінің нарығы тар. Мәселен, Ресейдің интернет кеңістігінде 120 миллионнан астам қолданушы бар, сондықтан Mail.ru, Яндекс, Озон және Wildberries секілді ірі компаниялар бөлшек сауда сегментінде де жұмыс істейді.
«Корпоративті ойыншы болу үшін сіз әлемдік нарыққа шығуыңыз керек. Мысалы, Израильдегі әрбір стартап ғаламдық стартап болып саналады, өйткені жергілікті нарық жоқ. Сондықтан бизнесіңізді өркендету үшін АҚШ, Ұлыбритания, Қытайға баруыңыз керек», – деді «FortRoss Ventures» венчурлық қорының бас серіктесі Виктор Орловский.
Украинада да осындай жағдай. Инвестор Мұрат Әбдірахмановтың айтуынша, ондағы жергілікті компаниялардың сыртқы нарыққа бағытталған. Нәтижесінде, үш біртұтас компания қалыптасқан: People.ai, Gitlab және Grammarly.
Өзбекстанда финтех, маркетплейс, медициналық технологиялар бағыттары дамуда. Онда венчурлық капиталдың көлемі 10 миллион доллардан аз. Ондағы инвесторлар негізінен жергілікті «періште инвесторлар» және шетелдік қорлар. Осыған орай, Өзбекстанның венчурлық капитал қауымдастығының бас директоры Дильшод Зуфаров аймақтың барлық инвесторлары мен қорларын біріктіретін Орталық Азия инвестициялық клубын құруды ұсынды.
Қазіргі дағдарыс кезінде технологиялық компаниялар өздерінің артықшылықтарын күшейтті, инвесторлар алдында олардың тартымдылықтары артты. «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы компанияларға инвестиция тарту, іске асыру және қорғау үшін толық және көп функциялы құқықтық алаң ұсынады.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету. www.aifc.kz
АХҚО Финтех Хабы – бұл ғаламдық стартаптар, кәсіпкерлер, корпорациялар, инвесторлар, жетекші сала сарапшылары мен мамандары түйсетін орын. АХҚО-да финтехтың дамуына стартаптарды, корпоративті инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен финтех саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін бағдарламалар кіреді. http://www.fintech.aifc.kz/