Қазақстандағы төтенше жағдайдың ұзартылуы
Төтенше жағдай 2020 жылдың 14 сәуірінен бастап 2020 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылды, толығырақ қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтының сілтемесіне өтіңіз.
ТЖ байланысты Көші-қон басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтатады, соның ішінде осы мерзімде барлық виза түрлерін беру және ұзарту да бар.
Төтенше жағдайда виза және визалық шарттар негізінде болу мерзімі рұқсат етілген немесе аяқталған және Қазақстан Республикасынан уақытында кете алмаған шетел азаматтары заңсыз болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды.
Виза беру, ұзарту және көші-қонды тіркеудің барлық процедуралары жағдай мүмкін болғаннан кейін жалғасады.
Біз барлық жаңалықтарды үнемі қадағалап отырамыз және Сізге осы мәселе бойынша барлық ақпаратты уақытылы хабарлау үшін бар күшімізді саламыз, яғни қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.
Барлық сұрақтар бойынша АХҚО Экспат Орталығы командасымен байланысыңыз!