Қаржылық жарнама мәселелері бойынша ескерту

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) АХҚО қатысушыларына AIFC Conduct of Business Rules («СОВ») Ережелерінің 3.3.1 тармағына сәйкес, тұлғаға AFSA-да лицензия алып, Реттелетін қызметпен айналысатын Компанияның қызметін Қаржылық Жарнама жасауға тиым салатынын ескертеді, тек мынадай жағдайларды қоспағанда,  а) Тұлғаның өзі Реттелетін компания болса; б) Қаржылық Жарнаманың мәтіні Реттелетін компания тарапынан мақұлданған; немесе в) Қаржылық Жарнама СОВ 3.3.3. Ережелерінің аясында болса.

Қаржылық жарнама — (презентация, телефон қоңырауы, брошюраны қоса есептегенде кез келген байланыс түрінің көмегімен) жасалатын хабарлама, оның мақсаты немесе нәтижесі а) Инвестиция немесе Реттелетін қызметті жарнамалау және алға жылжыту; б) Кез келген Тұлғаны өзге кез келген Тұлғамен Қаржылық Өнім немесе Реттелетін қызмет бойынша келісім түзуге шақыру және оған түрткі болу.

Осылайша, Қаржылық Жарнама кез келген ауызекі, хат арқылы және электрондық хабарламаны қамтиды (мәселен, электрондық хаттар, жарнамалық хабарландыру, хаттар, телефон қоңырауы, жеке кездесулер, конференциялар).

АХҚО-да және АХҚО-дан жасалатын Қаржылық Жарнаманың барлық түрі ашық, адал болуы қажет және адастырмауы тиіс. Қаржылық Жарнамамен айналысатын Тұлғалар өздері тарататын және таратуға мақұлдаған Қаржылық Жарнаманың барлық түрлері СОБ бойынша тіркелген 5 Қосымшаға сәйкес ақпарат болатынына көз жеткізуі тиіс (мәселен, Қаржылық Жарнаманы тарататын Реттелетін компанияның толық есімі, реттелетін статусы, Реттелетін Компанияның мекен-жайы, Қаржылық Жарнаманың берілген уақыты, мерзімінің аяқталуы).

AFSA сонымен қатар, AIFC Collective Investment Scheme Rules Ережелеріне сәйкес, Exempt және Non-Exempt Funds ретінде паи немесе өзге де құнды қағаздарды ұсынатын кез келген тұлға Қаржылық Жарнаманы тарату бойынша Ережелерді мұқият ұстану қажеттігіне назар аударады.

Мұнан өзге, Exempt Funds Паилары АХҚО-да тек Кәсіби клиенттерге, минималды түрде 50 000 АҚШ доллары көлеміндегі жазылу бойынша жеке орналастыру түрінде ұсыныла алады.

Осыған байланысты, Қаржылық Жарнамамен айналысушы тұлғалар Қаржылық Жарнаманың тек Кәсіби клиенттерге арналатынын және оның Кәсіби Клиент санатына жатпайтын өзге тұлғаларға бағытталмайтындығына көз жеткізуі керек.

Қаржылық Жарнама, егер ол Кәсіби клиенттер мен нарықтық контрагенттерге арналса, негізгі аудиторияның кім екендігін және өзге тұлғалардың онымен қатысы болмайтындығын анықтап көрсетуі тиіс.

АХҚО-ның қаржылық және сонымен қатысты қызметтерін реттеушісі ретінде AFSA инвесторларды және болашақ инвесторларды оларды адастыратын Қаржылық Жарнамадан қорғауды мақсат тұтады.

АХҚО-ның тиісті актілерін бұзу жағдайлары орын алса, AIFC Financial Services Framework Regulations Актісінің 7(3) Бөлімінде көрсетілген Реттеушілік Мақсаттарына ықпал ететін болса, AFSA дисциплинарлық және өзге де іс- шараларды қабылдай алады.

AIFC AI assistant