ЖҚО Дүниежүзілік стандарттар күні конференциясында Жасыл таксономия және жасыл сатып алу үшін қажетті ұлттық стандарттар мен экологиялық таңбалау стандарттарын ұсынды
Дүниежүзілік стандарттар күні аясында КазСтандартпен ұйымдастырылған «БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын қолдайтын стандарттар» конференциясына АХҚО Жасыл қаржы орталығының (ЖҚО) Бас Директоры және Ұлттық ESG клубының төрағасы Айдар Қазыбаев қатысты. Онда ол ұлттық стандарттарды, оның ішінде экологиялық таңбалау стандарттарын атап өтті, олардың болмауы Жасыл таксономияны тиімді қолдануға және жасыл сатып алуды ауқымды іске қосуға кедергі келтіреді.
Осылайша, жобалардың «жасылдығы» үшін қосымша критерий ретінде ұлттық стандарттардың жетіспеушілігі Жасыл таксономияның «Жасыл және энергиялық тиімді ғимараттар», «Энергия тиімділігі», «Тұрақты ауыл шаруашылығы» және «Тұрақты туризм» сияқты секторларында байқалады. Сонымен қатар, ұлттық экомаркировка жүйесі тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің үлкен спектрі бойынша жоқ, ол жасыл сатып алудың техникалық критерийлерін әзірлеуге және қолдануға кедергі келтіреді. Стандарттар ESG негізі болып табылады және ҚазСтандарт ESG трансформациясының нұсқауларын анықтауы керек.
Cтандарттар таза нөлдік шығарындыларға қол жеткізуге және Қазақстанның тұрақты болашағын құруға көмектесетін күшті стратегиялық құралы болып табылады. Стандарттау Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының мақсатына қол жеткізу тәсілдерінің бірі ретінде Стратегияға енгізілген. КазСтандарт 10 ISO техникалық комитетінің мүшесі, бақылаушысы немесе мүшелік мүмкіндігін қарастырады.
Сонымен қатар КазСтандарт тұрақты даму және энергетикаға көшу күн тәртібінің бөлігі ретінде Қазақстанның бизнесі мен аймақтарын түрлендіру алаңы – Ұлттық ESG клубының мүшесі болып табылады.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту.
Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.
ҚазСтандарт – стандарттау, метрология және техникалық реттеу мәселелерімен айналысатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын. www.ksm.kz
Ұлттық ESG клубы 2022 жылғы 28 шілдеде Astana Finance Days 2022 шеңберінде құрылды және өз салаларында ESG-трансформацияның көшбасшылары болып табылатын 19 компанияны біріктірді. Бүгінгі таңда клуб құрамына 30 компания кіреді.