Қазақстан Үкіметі, «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы мен Дүниежүзілік Экономикалық Форумы ниет хатына қол қойды

Қазақстан Үкіметі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Дүниежүзілік экономикалық форумы (ДЭФ) биыл Давос қаласында елуінші рет өткен дәстүрлі жиын аясында АХҚО базасында Төртінші өнеркәсіптік революция үшін Үлестес орталық құру ниеті туралы хатқа үш жақты қол қойды. Үлестес орталық Орта Азияны дамыту мақсатында реттеуші нормативтер мен инновациялық технологияларды енгізуге өз платформасында мемлекеттік құрылымдар мен бизнестің, индустриялық серіктестерін біріктірмек ниетте. Аталмыш орталық жұмысының бірінші кезеңін жасанды интеллект және машиналық оқыту, интернет заттар, робототехника және ақылды қалалар сияқты салаларда жобаларды әзірлеуге бағыттайды.  

Ниет туралы хатқа Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин, АХҚО Басқарушысы Доктор Қайрат Келімбетов және ДЭФ Президенті Бренд Борге мырза қол қойды.

«Біз өнімдер мен процестердің жылдам технологиялық өзгерістерін көріп отырмыз және Қазақстанда Үлестес орталықтың ашылуы біздің инновациялық экожүйемізге  халықаралық саясатқа әсер етуге, ал жаңа технологияларды басқару реті мен қағидаттары  Төртінші өнеркәсіптік революцияны қалыптастыруға көмектеседі», – деп атап өтті АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

«Төртінші өнеркәсіптік революциядағы өзгерістердің жылдамдығы мен ауқымы біздің тез әрекет етуіміз керек екенін білдіреді», – деді Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы желісінің басқарушы директоры және орталықтың басшысы Мұрат Сонмез. – «Егер бизнес, үкімет пен азаматтық қоғам біріксе Қазақстан Орта Азиядағы инновациялар орталығына айналуы мүмкін».

Үлестес оталықтың ашылуы Қазақстан Республикасының инновацияларға және қоғам үшін маңызды жаңа технологияларды енгізуге бағытталған әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде рөлін нығайтады. 2017 жылы іске қосылған Төртінші өнеркәсіптік революцияның жаһандық желісінің Израиль, Үндістан, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Колумбия, Оңтүстік Африка, АҚШ және Жапония елінде орталықтары бар. 


Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету.

www.aifc.kz

AIFC AI assistant