АХҚО Жасыл қаржы орталығы сингапурлық Golden Equator Group компаниясымен кездесу өткізді

Қазанның 27-ші жұлдызында АХҚО платформасында Жасыл қаржы орталығы сингапурлық Golden Equator Group компаниясымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Орталық Азия елдеріндегі жасыл жобалардың экожүйесін құру және жасыл қаржы нарығын дамыту бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Ынтымақтастықтағы алғашқы қадамдар ретінде тараптар Қазақстанда да, шетелде де іс-шаралар мен вебинарларды бірлесіп өткізуге келісті.

Golden Equator – бұл қаржы, консалтинг, технологиялық компанияларға инвестициялау, оқыту және бизнес қоғамдастықты дамыту сияқты салаларда үлкен тәжірибесі бар компаниялар тобы. Golden Equator адам әлеуетін дамыту және жаңа мүмкіндіктерді ашу үшін қауымдастықтар, технологиялар, капитал және білім біріктіретін жүйені құруға ұмтылуда. Golden Equator Group құрамына келесі компаниялар кіреді: Golden Equator Wealth, Golden Equator Partners, Golden Equator Ventures, SPECTRUM, Consulting, Pinnacle and The Simple Sum. Кездесуде сонымен қатар АХҚО платформасының артықшылықтары мен Орталық Азиядағы Жасыл қаржы орталығының атқарып жатқан қызметі талқыланды.

Ынтымақтастықты негізін қалау және Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы байланысты одан әрі нығайту мақсатында кездесуге Golden Equator негізін қалаушы және бас директоры Ширли Кристал Чуа келді. Сондай-ақ, Golden Equator Capital бас директоры Гэри Тиернан және компанияның басқарушы серіктесі Адам Флинтер болды. Сингапур делегациясы Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы орталыққа айналудағы әлеуетін жоғары бағалады.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. 

www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

 

AIFC AI assistant