АХҚО алаңында Еуразиялық энергетикалық хаб құруды жасыл қаржы орталығы ұсынды

АХҚО Жасыл қаржы орталығының (бұдан әрі – Орталық) Бас директоры Айдар Қазыбаев Өзбекістанда, Ташкент қаласында өткен «Energy Week. Central Asia and Mongolia 2022» халықаралық форумына және «ИННОПРОМ. Орталық Азия» халықаралық көрмеге қатысты.

«Energy Week. Central Asia and Mongolia 2022» халықаралық форумы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолияның мемлекеттік органдары мен энергетикалық компаниялары өкілдерінің, сондай-ақ ірі трансұлттық инвесторлар өкілдерінің басын қосты. Тараптар өңірде жаңартылатын энергия көздерін енгізуге жәрдемдесу және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, форум аясында өңірдің күн және жел энергетикасы саласындағы ірі жобалар ұсынылды.

АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры жаңартылатын энергияны қаржыландыруға арналған сессияда спикер ретінде сөз сөйлеп, орталықтың Қазақстандағы жасыл қаржыландыру құралдары базасында ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) жобаларын ілгерілету саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Қазыбаев мырза АХҚО алаңында өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыру және қатысушы елдердің экономикалық позицияларын жақындастыру үшін Еуразиялық энергетикалық хаб құру туралы ұсыныс жасады.

«ИННОПРОМ. Орталық Азия» халықаралық көрменің аясында А. Қазыбаев “Табысты дамуға арналған жаңа қаржы өнімдері” сессиясында сөз сөйлеп, экономиканы декарбонизациялау бойынша міндеттер контекстінде, оның ішінде цифрлық шешімдер негізінде Қазақстандағы ESG-қаржыландырудың мүмкіндіктері мен құралдары туралы әңгімеледі. Сессия қатысушылары блокчейн-технологиялар базасында жасыл облигация құру туралы идеяны қолдады.

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсатжасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнесконсультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant