Green Technology Hub Foton түрік компаниясымен I-REC жасыл сертификаттарының сауда платформасын құру туралы келісімге қол қойды
Green Technology Hub (АХҚО) және Foton yazılım Teknolojileri ve Enerji Danışmanlık A. S. түрік компаниясы Түркияның бизнес капитандарымен дөңгелек үстел аясында I-REC (International Renewable Energy Certificates) жасыл сертификаттардың аймақтық сауда платформасын бірлесіп құруға келісті.
I-REC Сауда платформасы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жеке компанияларға сатып алушыларды табуға көмектеседі. Бұл мүмкіндік жаңартылатын энергия нарықтарын өсірудің маңызды құралы болып табылатын
I-REC сертификаттары GHGP, CDP, RE100, ISO және басқалары сияқты тұрақты дамудың халықаралық стандарттарына сәйкес келеді. Электр энергиясын тұтынушылар сертификаттарды осы стандарттардың талаптарын орындау үшін, сондай-ақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалана алады.
Foton Yazılım Teknolojileri ve Enerji Danışmanlık A. S. (Foton) 2019 жылы құрылған. Foton 2020 жылы Түркияда I-REC жергілікті эмитенті болды және I-REC сауда платформасын жасау үшін Energy Web Foundation-мен жұмыс істеді. 2021 жылғы жағдай бойынша, Түркияда I-REC Сауда платформасы жұмыс істейді, ол Түркиядағы жаңартылатын энергия сертификаттарының 70% сауда-саттығын қамтиды, бұл жалпы 10 миллион МВт / сағ құрайды.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.
Green Technology Hub бұл АХҚО Жасыл қаржы орталығының еншілес компаниясы, ол жасыл және әлеуметтік маңызы бар стартаптарды қолдау және Қазақстан мен Орталық Азиядағы көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша кәсіпорындарды қолдау үшін құрылған.
GTH “жасыл технологияларда “жаһандық бизнесті басқару және дамыту бойынша халықаралық озық тәжірибе орталығы болып табылады.