АХҚО-дағы Заң технологияларының хакатоны

АХҚО Құқық академиясы АХҚО Заңгерлік технологияларды дамыту жөніндегі консультативтік кеңесінің, Еуропалық заңгерлік технологиялар қауымдастығының және IT-стартаптардың Astana Hub халықаралық технопаркының қолдауымен студенттер мен жас кәсіпқойларға арналған заң технологияларының толық ауқымды хакатонын өткізді. Хакатонға Freedom Broker және UpperLicense демеушілік жасады.

Хакатонға қатысуға 50-ден астам команда және 200-ден астам қатысушы өтінім берді, олардың ішінен 28 команда мен 100-ден астам қатысушы іріктелді. 48 сағат ішінде командалар хакатон тапсырмасы – корпоративтік хатшының жұмысын автоматтандырудың шешімін әзірледі.

Хакатонға халықаралық сарапшылар төрелік етті: Төраға – Профессор Марк Бир – АХҚО Заңгерлік технологияларды дамыту жөніндегі консультативтік кеңесінің төрағасы, Джон Мартин Сент-Валери – Jackson MSV Ltd негізін қалаушы, Хольгер Цшайге – Еуропалық заң технологиялары қауымдастығының президенті, Ольга Лозовая – Freedom Finance Global Plc Заң мәселелері жөніндегі атқарушы директоры және Ильнур Хайрулин – Астана қаласы бойынша UpperLicense басшысы.

Хакатон төрешілерінің шешімімен 13Lab командасы жеңімпаз атанды.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекуі болып табылады.

www.aifc.kz

 

АХҚО Заңгерлік технологияларды дамыту жөніндегі консультативтік кеңес – қаржы орталығының заң технологияларының экожүйесін дамыту, көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру, оның ішінде тұтынушылардың кең ауқымы үшін қолжетімділікті қамтамасыз ететін жаңа технологияларды пайдалану арқылы арттыру мақсатында құрылған кеңес.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Консультативтік кеңес АХҚО мен мүдделі тараптардың заң технологиялары саласындағы ынтымақтастығын дамытуға ықпал етеді және заң технологияларын қолдану үшін нормативтік құқықтық базаны әзірлеу бойынша ұсынымдар береді.

АХҚО Заңгерлік технологияларды дамыту жөніндегі консультативтік кеңесі (aifc.kz)

 

Еуропалық заңгерлік технологиялар қауымдастығы – Еуропадағы және одан тыс жерлерде құқықтық технологиялар мен құқықтық инновациялар саласында кеңінен танымал және қалыптасқан сараптама және талдау орталығы болу мақсатын көздейтін құқықтық технологиялар саласындағы еуропалық сарапшылар мен энтузиастардың тәуелсіз қоғамдастығы. 

Home – ELTA – European LegalTech Association (europe-legaltech.org)

 

Freedom Broker – әлемдік қаржы нарықтарына қолжетімділікті ұсынатын ТМД-дағы ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі. Freedom компаниялар тобы 2008 жылы құрылған. Бүгінгі таңда холдингтің меншікті капиталы $607 млн-нан асады, ал жалпы активтері $3,8 млрд. құрайды Холдингтің қызметін АҚШ-тың Бағалы қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясы реттейді (Securities and Exchange Commission).

Freedom Broker Kazakhstan | Freedom Broker Investment Company (ffin.kz)

 

Astana Hub – Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ең ірі халықаралық технопаркі. Мұнда қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуына жағдай жасалады.

astana_hub – цифрлық технопарк (astanahub.com)

 

UpperLicense – Қазақстанда барлық қажетті мәліметтерді онлайн режімде жинауға және лицензиялар мен рұқсаттардың барлық түрлерін алу үшін қызметтерге тапсырыс беруге болатын портал

Біз туралы (license.kz) 

AIFC AI assistant