Халықаралық қаржы орталықтарының әлемдік альянсының өкілдері мен АХҚО финтех бағытын дамытуды талқылады
Финтех бағытын дамытуды АХҚО және Халықаралық қаржы орталықтарының әлемдік альянсының өкілдері (WAIFC) Финтех инициативасы (Fintech Initiative) бойынша талқылады.
WAIFC делегациясын халықаралық қаржы орталықтарының әлемдік Альянсының басқарушы директоры Йохан Бидерманн басқарды. Кездесуге бірқатар елдердің, соның ішінде Германия, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяның өкілдері қатысты.
Кездесуге қатысушылар WAIFC мүшелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Қаржы мекемелерінің, стартаптардың, университеттердің және басқа да тараптардың әлеуетті қолданыстағы қызметіне қосымша, WAIFC шеңберінде неғұрлым тығыз үйлестіруді талап ететін қаржы технологияларындағы жаңа салаларды белсенді анықтау үшін әлеуеттің өсуіне және таланттардың дамуына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, финтех-білім беру мен сауаттылықты дамыту мәселелері қозғалды.
Тараптар финтех неғұрлым серпінді дамып келе жатқан сала болып табылатынын және тәжірибе алмасуға, сондай-ақ осы саладағы соңғы әзірлемелермен бөлісуге келгенін атап өтті.
WAIFC Fintech Initiative өкілдері АХҚО бағытына қаржылай қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
WAIFC Fintech Initiative келесі кездесуі 2019 жылы 6 қыркүйекте Торонто, Канадада өткізіледі.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестицияларды өсіру үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.