Astana Finance Days аясында «Исламдық қаржы: даму үшiн баламалы қаржыландыру» атты Исламдық қаржы конференциясы өтті
Astana Finance Days аясында «Исламдық қаржы: даму үшiн баламалы қаржыландыру» атты Исламдық қаржы конференциясы өтті
Конференцияның негізгі мақсаты – Орталық Азия мен ТМД елдерін қаржыландыру мен инвестициялаудың баламалы және тұрақты тәсілі ретінде исламдық қаржыландыру туралы кеңінен талқылау өткізуі болды.
Конференция аясында ислам банктерінің әлеуметтік жауапкершілігі мен тұрақтылығы, оның ішінде цифрландыру құралы арқылы, ТМД-дағы ислам банкингінің міндеттері және АХҚО-дағы мүмкіндіктер мәселелері талқыланды.
Исламдық капитал нарығының жетекші сарапшылары әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын, инклюзивтілік, тәуекелдерді әділ бөлу және ортақ пайдаларды, сондай-ақ Шариғат қағидаттарына сәйкес жұмыс істейтін инвесторлар мен эмитенттер үшін АХҚО ұсынатын мүмкіндіктерді талқылады.
Ислам Даму Банкінің (ИДБ) өкілдері ИДБ-ның өнімдері, қызметтері мен бастамаларының мысалдарын, оның Қазақстанда және аймақта исламдық қаржыландыруды дамытуға жәрдемдесуін, исламдық қаржыландырудың проблемалары мен перспективаларын, сондай-ақ ИДБ-ның тұрақты даму, климаттың өзгеруі және әсерлі инвестициялау стратегиясын көрсетті.
Конференцияға спикерлер ретінде қазақстандық, аймақтық (Өзбекстан, Қырғызстан) және халықаралық (Оңтүстік Африка, Оман, Ұлыбритания, Бахрейн) қаржы институттарының, Ислам даму банкінің және Азия даму банкі институтының өкілдері қатысты.
Бахрейн Банктер Ассоциациясының (BAB) Директорлар кеңесінің төрағасы, Д-р Аднан Ахмед Юсуф өз сөзінде: «Іс-шара негізгі экономикалық саясаткерлер мен бизнес көшбасшылары идеялар мен ойлармен алмасатын бірегей желілік платформа болып табылады.» — деп айтты.
Сонымен қатар, спикерлер исламдық банкинг пен капитал нарығының ойыншылары үшін АХҚО ұсынған мүмкіндіктер мен шарттарды атап өтті. Ислам Даму Банкінің Қаржы жөніндегі Вице-президенті, Қаржы жөніндегі бас директоры, Д-р Замир Икбал өз пікірімен бөлісті: «АХҚО-ның исламдық қаржыландыруға қолдау көрсетуі осы балама қаржы жүйесі туралы хабардарлықты арттырудың мықты факторға айналды. Бұл Нұр-Сұлтанның Орталық Азия аймағындағы исламдық қаржыландырудың аймақтық орталығына айналуының негізгі себептерінің бірі».
Елімізде исламдық қаржыландыруды одан әрі дамыту мәселелерін талқылау аясында «Al Saqr Finance» АҚ Басқарма төрағасы Қожрақов Бағытжан: «… исламдық қаржыландырудың дамуына жаңа серпін беру үшін мемлекеттік қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту керек» — деп ұсынды. Сонымен қатар, Омандық Nizwa банкінің Исламдық банкинг кеңесшісі Мугис Шаукат: «Исламдық қаржыландыру табиғаты бойынша қазірдің өзінде тұрақты, жасыл, этикалық және жауапты. Біз оны осылай жобалағанымыз жөн. АХҚО аймақтағы ірі қаржы орталығы ретінде басшылықты қолға алып, оны іске қосып, технология мен цифрлық технологиялардың көмегімен жүзеге асыра отырып, исламдық қаржыландырудың жаңа заманауи нұсқасын тәжірибеге енгізуі керек». – деп ұсынды.
Іс-шараға қатысушылар исламдық қаржыландыруды толығырақ қарастыруға, жаһандық үрдістерді есепке алуға және исламдық қаржыландыру саласындағы өзекті мәселелерді қозғауға мүмкіндік беретін мұндай конференцияларды өткізудің өзектілігі мен мақсаттылығын атап өтті.
Astana Finance Days 2022 конференциясының бас демеушісі — Eurasian Resources Group (ERG).
Анықтамалық ақпарат:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция болып табылады. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде шоғырлану болып табылады.