АХҚО соты, Халықаралық төрелік орталық және Англия мен Уэльс заңгерлер қауымдастығы өзара түсіністік туралы Меморандумдарға қол қойды
4 наурызда АХҚО соты және Халықаралық төрелік орталығы («ХТО») Англия және Уэльс заңгерлер қауымдастығымен (Law Society of England and Wales) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Заңгерлердің қауымдастығы АХҚО және ХТО сотының өз юрисдикцияларында және халықаралық деңгейде заң үстемдігін қамтамасыз етуде және ілгерілетуде стратегиялық серіктесі болып табылады.
Қол қою рәсімі Англия және Уэльс заңгерлері қауымдастығы Адвокаттар кеңесімен (Bar Council), АХҚО және ХТО сотымен бірлесіп ұйымдастырған арнайы семинар шеңберінде өтті. Семинарды Англия және Уэльс Заңгерлері қауымдастығының президенті Кристина Блэклос ашты.
«Біз АХҚО және ХТО сотымен өзара түсіністік туралы Меморандумдарға қол қоюға қуаныштымыз. Олар ағылшын ортақ құқығын халықаралық деңгейде ілгерілетуге көмектеседі деп сенімдіміз. Заңгерлер қауымдастығы АХҚО-дағы әріптестерімізбен ағылшын ортақ құқығы саласында тәжірибе және үздікіс-тәжірибелермен алмасуға ниетті. Біз Қазақстандағы заң мамандығы тәуелсіздігімен заң үстемдігін қорғау және нығайту жөніндегі ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Біздің мүшелеріміз халықаралық деңгейде жұмыс істейді, АХҚО біздіңм үшелерімізге өздерінің клиенттерінің мүддесі үшін қазақстандық әріптестерімен ынтымақтасуға мүмкіндік береді», – деді К. Блэклос.
«Мен біздің ынтымақтастығымыз Меморандумның арқасында заң үстемдігін одан әрі дамытуға және Ұлыбританияда, Қазақстанда және халықаралық деңгейде ілгерілетуге жәрдемдесетін болады деп сенімдімін. Меморандум халықаралық заң қызметтерінің маңыздылығын және сондай-ақ біздің Қазақстандағы АХҚО сотын қоса алғанда, соттардағы ең жоғары кәсіби стандарттар менжүріс-тұрыс ұстанымдарына бейімділікті одан әрі баса көрсетеді», – деп атап өтті АХҚО сот төрағасы, Лорд Вульф.
«Біз Заңгерлер қауымдастығымен және оның мүшелерімен белсенді ынтымақтасуға қуаныштымыз. Меморандум біздің өзара түсіністігімізді тереңдетуге көмектеседі және бірлескен жұмысқа үлес қосады, өйткені ХТО Еуразиядағы дауларды баламалы шешу үшін таңдаудың бірінші нөмірі болуға ұмтылады», – деп атап өтті ХТО төрағасы, Барбара Доманн QC.
Семинар шеңберінде Британдық заңгерлер АХҚО және ХТО сотымен, олардың қызметтерін пайдалану тәртібімен, ТМД аймағындағы клиенттер үшін ынтымақтастықтың және жұмыстың болашақ мүмкіндіктерімен танысты.
Заңгерлер қауымдастығы-Англиядан және Уэльстен 180 000 астам адвокаттары бар кәсіби қауымдастық. Ол адвокаттардың құқықтарын ұсынады, алға бастырады және қолдайды. Қауымдастық заң барлығы үшін бірдей және сотәділдігіне барлығының қол жеткізу үшін кепілдігі үшін жұмыс істейді.
Заңгерлер қауымдастығы АХҚО және ХТО сотының білім беру және ақпараттық қызметіне белсенді қатысатын болады. Кәсіпқойлық пен клиентке қамқорлық жасаудың жоғары стандарттарына сүйене отырып, заң мамандығын дамыту үшін бірлескен семинарлар мен тренингтер жоспарланған.