АХҚО сарапшылары Елорда мектептерінде қаржылық сауаттылық бойынша «Қаржы сағаты» дәрістер өткізді

ҚР Ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аясында 15 қарашада «Астана» халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби даму бюросы (BCPD) «Қаржы сағаты» білім беру бастамасын ұйымдастырды. «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қызметкерлері 15 мемлекеттік мектепте қаржылық сауаттылық бойынша ашық дәрістер өткізді, интерактивті пікірталастар мен ойындар форматында білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті. Жобаның мақсаты — жас тұрғындар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, қарапайым және қызықты іс-шаралар арқылы қаржы әлемімен танысу. Нәтижесінде оқушылар өз ой-өрістерін кеңейтеді, жаңа білім алады және қаржылық сауаттылықты дамытуға ынталандырлады.

Алғаш рет «қаржы сағаты» АХҚО-ның әлеуметтік бастамасы ретінде 2019 жылы өткізілді. Бастаманың шабыты «Код сағаты» деген акция болып табылады, ол оқушыларға арналған жыл сайын бүкіл әлемде өткізілетін және балаларда бағдарламалау дағдыларын дамытуға бағытталған акция.

«Мектептерде қаржылық сауаттылық оқытылмайды, бірақ бұл білім әрбір табысты адамға қажет. Жасөспірімдер қазірдің өзінде кірістер мен шығыстар туралы білуі керек, ақшаның түсуі мен кетуін бақылап, қаржылық жоспар құрып, оны ұстануы керек. Біз мектептердегі балалардың мектеп пәндеріне ғана емес, ересек өмірде қажетті өмірлік дағдыларға да қол жеткізуін қалаймыз: икемді қарым-қатынас дағдылары, эмоционалды интеллект, өзін таныстыру қабілеті және, әрине, қаржылық сауаттылық», — деп бөлісті акция тәлімгерлерінің бірі Жазира Наурызбаева.

«Қаржылық сауаттылық пән ретінде мектепте оқытылмайды, дегенмен оқушылардың өздері оны үйренуге тырысады.  Мен BCPD сияқты ұйымдардың әртүрлі мектептерге экономика мен қаржылық сауаттылық туралы білуге көмектескеніне өте қуаныштымын. Сондай-ақ қаржы және экономика бойынша АХҚО олимпиадасы сияқты олимпиадалар бар екенін білу қызықты болды»,- деп бөлісті Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Әділбек Мұхамеджан.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби даму бюросы (BCPD) Қазақстан экономикасының қажеттіліктері үшін адами капиталды дамыту мақсатында нарықта алты жылдан астам жұмыс істеп келеді. Біз орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейлерінде кәсіби кадрларды да, жас ұрпақты да даярлау саласында көптеген жобалар мен бағдарламаларды іске асырдық. BCPD сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар білім беру жобаларын қолдау, оның ішінде қазақстандық жастардың дамуына жәрдемдесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

 

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

 

AIFC AI assistant