Капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы (ICMA) АХҚО Жасыл қаржы орталықты тұрақты облигациялар шығарылымдарын верификаторлар тізіліміне қосты

Капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы (ICMA) жасыл, әлеуметтік облигациялар және тұрақты даму облигациялары шығарылымдарының верификаторлары туралы ақпаратты қамтитын AIFC Green Finance Centre (бұдан әрі – Орталық) External Review Service Mapping халықаралық тізіліміне қосты.

Орталықты ICMA тізіліміне енгізу, Орталықтың әдістемелері мен тәсілдерінің ICMA басшылық қағидаттарына тәуелсіз верификаторлар және саланың халықаралық стандарттары үшін сәйкестігін тану болып табылады.

External Review Service Mapping тізілімі верификаторлар, олардың тәжірибесі, елдік және тілдік қамту, сондай-ақ ұсынылатын қызметтер спектрі туралы ақпаратты қамтиды.

ICMA халықаралық коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның басым бағыттарының бірі жасыл облигациялар нарығын дамыту болып табылады. 2014 жылы ICMA Climate Bonds Initiative компаниясымен бірлесе отырып, жасыл қаржы нарығында жалпыға бірдей танылған стандартқа айналған “Жасыл облигациялар қағидаларын” (Green Bonds Principles) әзірлеп, жариялады.

AIFC Green Finance Centre 2020 жылдан бастап тұрақты облигациялар мен несиелерді сыртқы бағалау бойынша қызметтер көрсетеді. Өткен жылы орталықтың ең ірі жобаларының бірі Halyk Bank-тің 7.9 млрд теңге сомасындағы жасыл кредитін верификациялау, сондай-ақ көлемі 18.4 млрд теңге Самұрық-Энерго жасыл облигациялары болды.

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant