Мұхтар Бөбеев АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің бас директоры болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Мұхтар Бөбеев мырза 2020 жылдың 1 қазанынан бастап «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (АФСА) бас директоры болып АФСА Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалды.

Бөбеев мырза – банктік қадағалау және қаржылық қызметтер саласындағы білікті маман. Бұдан бұрын ол Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын қадағалау агенттігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде бантік қадағалау міселелерін басқарды. Ол сондай-ақ ақша-несие саясатына жауап беретін Қазақстанның орталық банкінің басқарма мүшесі болды.

Мұхтар Бөбеев АФСА-ға Саясат жөніндегі директор ретінде 2017 жылдың қаңтарында қосылды. 2018 жылдың шілдесінен бастап АФСА бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ол АХҚО-ның нормативтік-құқықтық базасын дамытуға бастамашылық ету және жетілдіру арқылы АХҚО-ны құруда маңызды рөл атқарды.

 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – Астана халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және онымен байланысты қызметті реттеу мақсатында «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарық институттарын лицензиялауды, тіркеуді, аккредиттеуді және қадағалауды қамтамасыз етеді.
www.afsa.kz

“Астана” халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.
2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды.
Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.
АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». 
АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды.
www.aifc.kz

 

Байланыс ақпараты:

АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА)
Динара Серикова
[email protected]
+7 701 35 905 70

AIFC AI assistant